05.08.2008, 11:47 2228

Темекі компаниясы шылым маркасын пайдаланып жалған ұтыс жариялау оқиғалары болғанын хабарлайды

Темекі компаниясы шылым маркасын пайдаланып жалған ұтыс жариялау оқиғалары болғанын хабарлайды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - JTI-Gallaher Kazakhstan компаниясының қызметкерлері шылым маркасын пайдаланып жалған ұтыс жариялау оқиғалары болғанын хабарлайды.

"4 тамызда компанияға хабарласқан тұтынушылар шылым қорабынан қосымша тауып алғанын, онда автокөлік ұтып алғаны туралы айтылғанын жеткізген", -делінген хабарламада.

"Жапсырмада тіркеу нөмірі бар, оны көрсетілген ұялы телефон бойынша хабарласу керектігі айтылған. Бұдан кейін белгісіз біреулер жеке куәліктің көшірмесін, СТН мен үйдің адресін атап, банктегі шотқа белгілі бір көлемдегі ақшаны аударуды сұраған", - деп хабарлайды компаниядағылар.

Жапсырмасы бар шылым қораптары даладан табылғаны белгілі болған. Компания қызметкерлері қораптарды қарап шығып, қораптың ашылғанын және жыртылатын жолақты қөайта жапсыру белгілерін анықтады.

"Компания мұндай ұтыстар туралы хабарламаның заңға қайшы екенін тұтынушыларға хабарлайды; барлық осындай деректер бірден құқық қорғау органдарына жеткізілуде".

"Алаяқтардың қармағаны түсіп қалмау үшін біз компаниянеың кеңсесіне хабарласып, мән-жайды тексеруді, қандай жағдайда да ақша аудармауды сұраймыз", -делінген хабарламада.

Компания 2003 жылдың 19 желтоқсанында қабылданған ҚР "Жарнама туралы" заңына сәйкес, темекі және темекі өнімдерін, спиртті өнімдерді оларға деген сұраныс пен қызығушылықты тудыру арқылы түрлі шаралар, соның ішінде сыйлықтар мен лотереялардың ұтысы түрінде жарнамалауға тыйым салынғанын ескертеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны