05.04.2010, 12:06 3375

Темекі шегетін жастардың IQ деңгейі ондай жаман әдеттен ада құрдастарынан біршама төмен болып келеді - зерттеу нәтижелері

Темекі шегетін жастардың IQ деңгейі ондай жаман әдеттен ада құрдастарынан біршама төмен болып келеді - зерттеу нәтижелері

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Темекі шегетін жастардың IQ деңгейі ондай жаман әдеттен ада құрдастарынан біршама төмен болып келеді. Израильдің Шеба (Sheba Medical Center) медициналық орталығында істейтін Марк Вайсер (Mark Weiser) бастаған психиатр дәрігерлер аса ірі зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Membrana (www.membrana.ru) интернет-журналына сілтеме жасап.

Мақалада атап көрсетілгендей, ғалымдар бірнеше жыл бойы жыл сайын кездейсоқ іріктеу нәтижесінде израильдің әскер қатарына шақырылған жастарының арасында сауалнама жүргізген. Ал интеллектуалдық коэффициентін анықтау мақсатындағы тестілеуге сынаққа қатысушылар әскерге барғаннан кейін қатысқан, сөйтіп М. Вайсердің командасы мәліметтерді жинаған.

Соның нәтижесінде 18 жасқа дейінгі 20 221 жас "зерттеушілердің қолынан өткен". Сынаққа қатысушылар әскери борышын өтеу мерзімі аяқталғанша, яғни, жігіттер 21 жасқа толғанша бақылауда болған.

Күніне кем дегенде бір темекі шегетін жастар шылымқорлар деп танылды, ондайлар 28,5% болып шыққан. Олардың орташа IQ деңгейі шылым шекпейтіндердің осындай коэффициенті деңгейінен жеті пунктке төмен, яғни, 94 те 101 болып шыққан. Ал күніне бір қапшық темекі шегетіндердің көрсеткіші небәрі 90 ғана болған. Тіпті осындай арақатынас егіздерден де анықталды: темекі тартпайтындардың IQ көрсеткіші орта есеппен жоғары болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны