03.05.2012, 16:43 3117

Темекіні таңғы 11-ден кешкі 9-дың аралығында сатуға қатаң тыйым салынбақ

Енді шылым сатып алу қиынға соғатын түрі бар. Қаржы министрлігі темекінің көтерме және бөлшек саудада емін-еркін сатылымын тежейтін заң жобасын ұсынып отыр.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Темекіні таңғы 11-ден кешкі 9-дың аралығында сатуға қатаң тыйым салынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, енді шылым сатып алу қиынға соғатын түрі бар. Қаржы министрлігі темекінің көтерме және бөлшек саудада емін-еркін сатылымын тежейтін заң жобасын ұсынып отыр.

Егер ол қабылданатын болса, темекі 21 жасқа толмағандарға мүлдем сатылмайды. Бұл талап бұрын 18 жаспен шектеліп келген. Сондай-ақ, құзырлы орган шылымды демалыс күндері таңғы он бірден кешкі тоғыздың аралығына дейін сатылуына қатаң тыйым салуды көздеп отыр.

Тіпті көлденең көк аттыларға емес арнайы дүкендер желісі арқылы саудағы шығару жоспарда бар. Одан қалды темекіні мектеп, балабақша секілді мекемелердің жанында саудалануына тосқауыл қойылады. Ал осы бизнестен қыруар пайдаға кенеліп отырған компаниялар Үкіметке темекі саудасы жөнінде ұдайы есеп беріп отырмақ. Енді осы қатаң талаптарды жүзеге асыру үшін Парламенттің қос палатасы келісімін беруі керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны