11.06.2015, 15:11 4754

Темір жол билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қазпошта" АҚ Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы барлық аудандарындағы пошта бөлімшелерінде темір жол билеттерін сату жөніндегі бірлескен алғашқы жобаны қолға алды

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қазпошта" АҚ Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы барлық аудандарындағы пошта бөлімшелерінде темір жол билеттерін сату жөніндегі бірлескен алғашқы жобаны қолға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Енді ауыл тұрғындары қаладағы темір жол вокзалдары кассаларына барып жатпай-ақ жақын маӊдағы пошта бөлімшесінен пойызға билет сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жыл аяғына дейін мұндай жаӊа темір жол билеттерін сату қызметі "Қазпоштаныӊ" Қазақстан Республикасындағы барлық бөлімшелерінде енгізілмекші.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны