08.06.2015, 18:05 4496

Темір жол билеттерін QIWI терминалдарынан сатып алуға болады

"Қазақстан темір жолы" АҚ және QIWIKazakhstan билеттерді өзіне-өзі қызмет көрсету режімінде сатып алудыӊ қосымша мүмкіндігін ұйымдастырды

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" АҚ және QIWIKazakhstan билеттерді өзіне-өзі қызмет көрсету режімінде сатып алудыӊ қосымша мүмкіндігін ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Енді Қазақстанныӊ барлық тұрғындарыныӊ бүкіл республика бойынша көптеген сауда, ойын-сауық, қоғамдық орындарда орналастырылған QIWI терминалдары арқылы пойызға электрондық билетті сатып алу мүмкіндігі бар. Терминалдардыӊ жалпы саны 14 мыӊнан асады. Бұл туралы "Жолаушылар қызметі" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Терминалдар арқылы жолға аттанудыӊ ыӊғайлы күнін таӊдап қана қоймай, вагондарда орындардыӊ болуын тексеруге, вагон түрін (купе, плацкарт, люкс) таӊдауға, баға нұсқаларын және тарифтік кестені (ересектер, балалар билеті) қарап шығуға болады.

Вагон мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға арналған орындармен жабдықталған болса, бұл ақпарат терминал экранына шығарылады. Билетті төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туылу туралы куәлік және т.б. жеке басты куәландыратын құжаттармен сатып алуға болады. Бұл қызмет түрін Қазақстан азаматтарымен қоса өзге елдердіӊ, соныӊ ішінде ТМД елдерініӊ азаматтары да пайдалана алады.

Бір транзакция барысында еӊ көбі төрт билет сатып алуға мүмкіндік бар. Транзакциялар саны шектеусіз. Қызметті пайдалану үшін, бас мәзірдегі "Транспорт и туризм" ("Көлік және туризм") бөліміне кіріп, одан кейін - қызметтерді жеткізушілер тізімінде "Қазақстан темір жолын" табу керек. Одан кейін, сапарыӊыздыӊ барлық параметрлерін таӊдап, ұялы телефон нөмірін енгізіп, төлеу үшін қажетті соманы салу керек. Ақша номиналы сатып алу сомасынан асатын болса, артық ақша пайдаланушыныӊ ұялы телефонына аударылады. Билеттіӊ пойызға мінгенде күшіне енетін чекке басылып шығарылады.

Аппараттағы чек таспасы таусылып қалған болса, чек дубликатын кез келген өзге QIWI терминалынан алуға болады. Ол үшін станцияны таӊдау парақшасында "Дубликат чека" ("Чек дубликаты") түймесін басып, билетті сатып алу барысында пайдаланылған телефон нөмірін (яғни, артық ақша жіберілген телефон нөмірін) енгізу қажет. Одан кейін чек қажет етілетін тапсырысты таӊдап, "Далее" ("Ирі қарай") түймесін басыӊыз, нәтижесінде чек басылып шығарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны