03.12.2013, 19:19 3540

Теміртау қаласында көші-қон полициясы бөлімінің басшысына пара алды деген күдікпен тұтқындалды

Қаржы полициясы мәліметіне сәйкес, Тәжікстан азаматы көші-қон заңымен проблемасы бар өз отандастары мен өзге елдің азаматтарын ертіп әкеліп отырған.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Қарағанды облысының Теміртау қаласында көші-қон полициясы бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan today.

"Полиция майоры, көші-қон полициясы бөлімінің басшысы шетел азаматтарынан бірнеше рет пара алды деген мәлімет алдық. Оған Тәжікстан азаматы араағайындық көрсеткен. Бөлім басшысы қызметтік кабинетінле 16 мың теңге алу кезінде ұсталды", - деп облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлжан Сүлейменова мәлімдеді.

Қаржы полициясы мәліметіне сәйкес, Тәжікстан азаматы көші-қон заңымен проблемасы бар өз отандастары мен өзге елдің азаматтарын ертіп әкеліп отырған.

Көші-қон бөлімі басшысының үстінен пара алды деген баппен, ал шетел азаматына пара алуға көмектесті деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Олар тұтқынға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны