22.07.2015, 12:35 2991

Теміртау қаласыныӊ тұрғынын полиция қызметкерлері жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін құрықтады.

21 шілде күні 112 телефон номеріне белгісіз азаматтан, қаладағы үйлердіӊ біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түседі. Оқиға орнына барлық ішкі істер органыныӊ қызметтері мен төтенше жағдай қызметтері жұмылдырылады. Саперлардыӊ жіті бақылауы мен тінтуі кезінде үйде жарылғыш зат табылмаған

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - 21 шілде күні 112 телефон номеріне белгісіз азаматтан, қаладағы үйлердіӊ біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түседі. Оқиға орнына барлық ішкі істер органыныӊ қызметтері мен төтенше жағдай қызметтері жұмылдырылады. Саперлардыӊ жіті бақылауы мен тінтуі кезінде үйде жарылғыш зат табылмаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полиция қызметкерлерініӊ жедел-іздестіру шарасы кезінде, жалған ақпарат таратқан және оны хабарлауға пайдаланған айғақ зат - ұялы телефоны бар Теміртау қаласыныӊ 18 жасар тұрғыны қолға түсірілді.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты ҚР ҚК 273 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны