19.08.2008, 18:47 2781

Теміртау маңындағы Ақтау кентінде мал жаппай қырылған жердегі су қоймасынан аммиак пен қышқылдылықтың шектеулі шамадан артып кеткені анықталды

Теміртау маңындағы Ақтау кентінде мал жаппай қырылған жердегі су қоймасынан аммиак пен қышқылдылықтың шектеулі шамадан артып кеткені анықталды

Қарағанды. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық мал дәрігерлік инспекциясы Теміртау маңындағы Ақтау кентінде мал жаппай қырылған жердегі су қоймасынан аммиак пен қышқылдылықтың шектеулі шамадан артып кеткенін анықтады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық мал дәрігерлік инспекциясының мал дәрігерлік бөлімінің бастығы жанар Нығметова хабарлады.

"Ең бастысы, біз ешбір жұқпалы ауруды тапқан жоқпыз. Су сынамалары мен өлген малдың органдарының сынамалары талдауға алынған болатын, олардан біз ешқандай да қауіпті дерттерді тапқан жоқпыз. Бірақ малдың қырылу себебін атай алмаймын", - деді Ж. Нығметова.

"Суда аммиак көлемінің 20 есе артық екені және қышқылдар көлемінің жоғары екендігі анықталды. Біздің зертхананың анықтауынша, олардың мөлшері нормадан 8 есе артық", -деді ол.

Өз кезегінде табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Аманжан Ахметов тексерулердің одан әрі жалғасып жатқанын хабарлады. Қазір малдың қырылу дерегі бойынша осы аудандағы аммиак селитрасын шикізат ретінде пайдаланатын мердігерлік және субмердігерлік кәсіпорындар тексерілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағанды облысының Теміртау қаласы Ақтау кентінде 10 тамызда сағат 20.00-де жеке қораларда мал қырыла бастаған (7 ірі қара, 41 ұсақ мал, соның ішінде 8 қой мен 33 ешкі).

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 10 тамызда мал "Интеррин" ЖШС-нің (жарылғыш заттарды сынау полигоны, ол Ақтау кентінен 3,5 шақырым жерде) ашық су қоймасынан су ішкен.

Теміртау прокуратурасы Қарағанды облыстық табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп Қарағанды облысының Теміртау қаласының маңындағы Ақтау кентінде ірі қара малдың қырылу дерегіне байланысты тексеру жүргізе бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны