04.04.2008, 15:23 3054

Теміртау салық комитеті сотта "Арселор Миттал" компаниясынан жеңіліп қалды

Теміртау салық комитеті сотта "Арселор Миттал" компаниясынан жеңіліп қалды

Қарағанды. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы бүгін "Арселор Миттал" компаниясының шағымы бойынша Қарағанды облыстық ауданаралық экономикалық сотының шешімінің күшін жойды.

Еске сала кетейік, Теміртау қалалық салық комитеті "Арселор Миттал" АҚ-ның 2002-2005 жылғы жұмысына тексеру жүргізу барысында кәсіпорынның 100 млрд теңге көлемінде корпоративтік кіріс салығын мемлекетке төлемегенін анықтап, оны өтеуді кәсіпорынға міндеттеген.

Кәсіпорын басшылығы салық комитеті тексерулерінің қорытындысымен келіспей, сотқа шағымданды. Қарағанды облыстық ауданаралық экономикалық соты 2008 жылдың 1-ақпанында салық комитетінің пайдасына үкім шығарған. Алайда, кәсіпорын заңгерлері аудандық соттың шешімі күіне енбей тұрып облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Ал "Арселор Миттал" компаниясының әрбір шағымы 500 млн теңге болған.

Облыстық сот алқасының бүгінгі шешімі ауданаралық экономикалық соттың 1-ақпандағы шешімінің күшін жойып, "Арселор Миттал" компаниясының шағымын қанағаттандырады. Компания төлеген 1,5 млрд теңгеден астам мемлекеттік баж жергілікті бюджеттен қайтарылуға тиіс.

ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов журналистерге берген сұхбатында "сот шешімімен келіспейтінін, сот шешіміне қарсы облыстық соттың қадағалау алқасында дауласатынын және өздерінің пікірі дұрыс екенін" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны