11.01.2016, 15:12 4263

Теміртауда алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында қалалық мәслихат депутаты Кеӊесхан Басқарбаев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады өӊірдіӊ ІІД баспасөз қызметі

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Теміртау қаласында қалалық мәслихат депутаты Кеӊесхан Басқарбаев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады өӊірдіӊ ІІД баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полиция ақпаратына сәйкес, күдіктілер - Теміртау қалалық мәслихатыныӊ депутаты К. Басқарбаев пен 33 жастағы қала тұрғыны. "Олар Теміртау қаласыныӊ тұрғыныныӊ өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, Украинада Житомирский облысындағы пәтерге бас сенімхатқа қол қоюға мәжбүрлеп, үйдіӊ құжаттарын және кейіннен қайта ресімдеу жолымен "ВАЗ 21214 Нива" көлігін алып қойған", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бірқатар жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында Теміртауда осы қылмысқа қатысқан 33 жастағы ер адам ұсталды. Одан марихуана, жәбірленуші пәтерініӊ кілті және оған тиесілі көліктіӊ кілті тәркіленді. Сондай-ақ К. Басқарбаев ұсталды, одан жәбірленушіге тиесілі Украинадағы үйдіӊ құжаттары тәркіленген.

"Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды", - деді облыстыӊ ІІД баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны