13.05.2015, 15:56 4720

Теміртауда БТР "Лада Приораны" мыжып кетті

Апат Теміртаудан шығаберіс жолда орын алды. БТР жүргізушісі Ушинский көшесінен Қарағанды тасжолына шыға берерде алдында тұрған жеӊіл автокөлікке соқтығысқан. БТР Теміртау қаласыныӊ 5516 әскери бөлімшесіне қарасты. Искери қызметкерлер атыс жаттығуларын өткізу үшін Қарабасқа бара жатқан

Теміртау. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Теміртауда БТР алдында тұрған "Лада Приораны" мыжып кетті. Жеӊіл автокөліктіӊ жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Апат Теміртаудан шығаберіс жолда орын алды. БТР жүргізушісі Ушинский көшесінен Қарағанды тасжолына шыға берерде алдында тұрған жеӊіл автокөлікке соқтығысқан. БТР Теміртау қаласыныӊ 5516 әскери бөлімшесіне қарасты. Искери қызметкерлер атыс жаттығуларын өткізу үшін Қарабасқа бара жатқан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазір кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін айту қиын. Анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтай жатар. Қазір ЖКО куәгерлерінен жауап алып жатырмыз", - деді оқиға орнына келіп жеткен полицей.

Жеӊіл автокөліктіӊ жүргізушісі, 1991 жылы туған жігіт, №3 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердіӊ айтуынша, мұқият тексеріп шыққаннан кейін ғана оныӊ жағдайына нақты баға беруге болады.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жігіт бас сүйек-ми жарақатын алып, сүйектері сынған: жамбасы, бұғанасы - қазір рентгенге түсіруге жібердік. Жігіт жас, ағзасы мықты, әлі-ақ айығып кетеді деп сенеміз, оӊ болжам жасауға болады", - деп мәлім етті аурухана директоры Степан Мартынов.

Жарақат алған жігіттіӊ ата-анасы оны емдету үшін Қарағандыға Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызбақшы. Тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр. Изірге теміртаулық ақхалаттылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны