06.02.2012, 11:11 3508

Теміртауда қатты аяздан зардап шеккендер саны 25 жетті

Теміртау қалалық ауруханасының жарақаттар бөліміне денелерін әртүрлі дәрежеде үсік шалған 25 адам түскен.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today Теміртауда қатты аяздан зардап шеккендер саны 25 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Теміртау қалалық ауруханасының жарақаттар бөліміне денелерін әртүрлі дәрежеде үсік шалған 25 адам түскен.

"Біздің ауруханада қазір денелерін үсік шалған 23 пациент емделіп жатыр. Бүгін екі адамға ампутацияға байланысты операция жасау жоспарланған ", - деді Теміртау қалалық орталық ауруханасының дәрігер-травматологы Сергей Шмидт.

Оның айтуынша, биылғы жылы Теміртау ауруханасына үсікпен түсушілер саны өткен жылға қарағанда бір жарым есе көп. Негізінен келіп түсетіндер дәрігерлердің айтуынша, әлеуметтік қамтамасыз етілмеген, ішкіштер мен белгілі тұрағы жоқ қаңғыбастар көрінеді.

Теміртау қаласының орталық оңалту мекемесі де лық толы. 50 кереует орынға қазір 66 пациент тығылысуда. Орталық қызметкерлері мынадай аязда оңалту мекемесіне келуге тиісті емес адамдарды да қабылдауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны