10.05.2007, 18:38 2990

Теміртауда кеншілердің жесірлерінің шағым-арыздары бойынша сот процессі басталды

ТЕМІРТАУ. 10 - мамыр. Kazakhstan Today. Теміртауда кеншілердің жесірлерінің "Миттал Стил Темиртау" АҚ қарсы берген шағым-арыздары бойынша сот процессі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, "Миттал Стил Темиртау" АҚ тиесілі Ленин атындағы шахтада метанның жарылысынан 41 кенші қаза тауып, 12 адам жараланған болатын. Металлургиялық кәсіпорынның көмір департаментінің басшылығы қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсеткен. Бірақ 12 жесір компания басшылығынан алған өтемақылары қайтыс болғандардың отбасыларына келген моральдық шығынды өтеп бере алмайды және олардың жақындарын қайтарып келтіре алмайды деп санайды.

Осы 12 жесір сотқа моралдық шығындарының өтеміне 7 млн теңгеден төлеуді талап етіп, шағым-арыз берген. Дүйсенбі күні, 8-мамырда өткен бірінші отырыста "Миттал Стил Темиртау" АҚ өкілдері өтемақы көлемін көтермейтіндіктерін мәлім еткен болатын.

Келесі отырыс 21-мамырда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны