05.07.2011, 18:10 3567

Теміртауда мемлекетаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы қамауға алынды

Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембековтың хабарлауынша, 41 жастағы ер адам Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 228 бабымен (Есірткі заттарын сақтау және сату) 2007 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекетаралық іздеуде болған.

Қарағанды. 5 шілде. Kazakhstan Today - Теміртауда ірі көлемдегі есірткі сатты деген айып бойынша мемлекетаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембековтың хабарлауынша, 41 жастағы ер адам Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 228 бабымен (Есірткі заттарын сақтау және сату) 2007 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекетаралық іздеуде болған.

"Оны мемлекетаралық іздеуге Ресей Федерациясының федералдық есірткі бақылауы қызметінің Ингушетия Республикасындағы басқармасы жариялаған", - деп хабарлады Ж. Сембеков. "Қылмыстық іс құжаттарында көрсетілгендей, ол есірткі заттарын Ингушетия Республикасының Назрань қаласында сатқан".

Күдікті Теміртау қаласының ІІБ уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ол жөнінде РФ ІІМ хабардар етілді. Күдіктіні Ресейге тапсыру шаралары жасалынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны