22.08.2011, 15:25 2981

Теміртаудан жазғы лагерге демалуға келген балалар үйінің тәрбиеленушісі Қарқаралы тауларынан құлап, мерт болды

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында Теміртаудың балалар үйінің 8-жастағы оқушысы қаза болды.

Қарағанды. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Теміртаудан жазғы лагерге демалуға келген балалар үйінің тәрбиеленушісі Қарқаралы тауларынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында Теміртаудың балалар үйінің 8-жастағы оқушысы қаза болды.

Бала басқа балалармен бірге Қарқаралы қаласы қасындағы "Шапағат" демалыс үйінде демалған болатын, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне балалар үйінің әкімшілігінен.

"Сенбіде балалар тауға барған, олармен бірге екі тәрбиеші болған, сегіз жасар Иван Феоктистовтың жартасқа қалай шығып кеткенін білмеген. Айқайын естіген бойда екі тәрбиеші жартасқа шығып қараса, бала бірнеше метр биіктіктен тастарға құлапты", деді агенттікпен әңгімелесуші.

Қазіргі уақытта Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері тергеуге дейінгі тексеріс жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны