08.01.2013, 13:46 5812

Теміржол билеттерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қала маңы тасымалы" АҚ облысаралық және халықаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көліктерімен тасымалдау тарифтерін 12%-ға өсіретіндігін мәлімдеді.

Астана. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - Теміржол билеттерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қала маңы тасымалы" АҚ облысаралық және халықаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көліктерімен тасымалдау тарифтерін 12%-ға өсіретіндігін мәлімдеді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қала маңы тасымалы" АҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы ?07-10-32ЗТ-Ж-1096 хабарламасының негізінде, шығынды азайту мақсатында 2013 жылғы 7 қаңтардан бастап темір жол көлігімен жолаушылар тасымалына арналған тарифтердің өсетіні туралы хабарлайды", - делінген компанияның таратқан хабарламасында.

Тарифтердің өзгеруіне жолаушылар шаруашылығының мұқтаждығы үшін сатып алынатын отын-энергетикалық ресурстар құнының айтарлықтай өсуі себеп болды. Атап айтқанда, вагондарды дизельді отынмен жабдықтау құны 15 %-ға, қатты отынмен жабдықтау 5 %-ға, сумен жабдықтау орта есеппен 14-20 % өсті.

Сондай-ақ вагондарға техникалық қызмет көрсету құны орта есеппен 30%-ға, вагондарды күрделі жөндеу 40 %-ға, деполық жөндеу 4%-ға өсті.

Тарифтің қазіргі өсуі және субсидиялар мөлшерін көбейту 2013 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін 50 жолаушылар вагонын қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жүргізуге, қазіргі заманғы 208 вагон, оның ішінде 158 "Тұлпар-Тальго" вагонын, 1 дизельді-рельсті құрам және жолаушылар тасымалы үшін 1 электр пойыз сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, 2013 жылы "Атырау-Алматы" және "Атырау-Астана" қатынасындағы екі жаңа маршрут ашуды, сондай-ақ ?37/38 "Маңғышлақ-Астана" пойызына фирмалық мәртебе беруді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны