Система Orphus

Теміржол вокзалында алыпсатарлар әлі күнге билет сатуда

08.07.2019, 09:16 6373

Нұр-Сұлтан. 8 шілде. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатудың жетілдірілген жүйесіне көшкен болатын. Жетілдірілген автоматтандырылған жүйе билет сату саласында алаяқтық ықтималын мейлінше төмендетеді, соның ішінде, жолаушылар тарапынан қайтарылған билеттерді шапшаң "ұстап" қалуға мүмкіндік бермейді.

Алайда, ұлттық тасымалдаушы, ертеректе "жосықсыз" кассалар арқылы сатып алынған билеттер, әлі күнге теміржол вокзалында алыпсатарлармен сатылуы мүмкін екенін хабарлап отыр.

Сол себепті, "Жолаушылар тасымалы" АҚ алыпсатарлар іс-әрекеті заңсыз екеніне жолаушылар назарын аударады.

Егер сіз, алыпсатарлардың заңсыз әрекеттерінің куәгері болсаңыз, бұл туралы құқыққорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұдан бөлек, "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесе рәсімделмеген багаж және билетсіз жолаушыларды тасымалдаумен байланысты Компания қызметкерлеріне қатысты "нөлдік төзімділік" саясатын тұрақты жүргізіп келеді. Айталық, осы жылдың басынан бері 130 қызметкер жұмыстан босатылып, 26 адам қызметтік мансабында төмендетілген.

Жалпы алғанда, үстіміздегі жылдың бес айында Компания ревизорлары 2726 пойыз тексеріліп, 79 билетсіз жолаушы және 1,5 тонна рәсімделмеген жүк анықтаған. Алыпсатарлармен жүргізіліп жатқан күрес өте өзекті. Жыл сайын Қазақстанда жаз маусымында жолаушылар ағынының өсуімен байланысты билеттердің тапшылығы сезілуде. Мәселен, үстіміздегі жылы Компания жаз маусымында 6 миллионнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала сатылымы пойыз аттанатын күнге дейін 45 тәулік бұрын іске асады.

Ұлттық тасымалдаушы жол сапарын алдын ала жоспарлап, жол жүру билеттерін ертерек сатып алуға кеңес береді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны