22.05.2018, 11:28 4785

Теміржолшылар жол бойында сақ болуға шақырады

Елордасындағы №15 орта мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы аясында Астана локомотив пайдалану депосыныӊ машинисі Еркебұлан Құдабаев пен Асқар Хасанов теміржол маӊында апатты жағдайды болдырмас үшін, барынша абай болып, сақ жүру керектігін баяндады.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today -Республика аумағында жазғы каникул қарсаӊында өткізілген Жалпыұлттық ата-аналар жиналысына "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ" қызметкерлері де белсенді қатысты.

Олар ата-аналар алдында теміржол нысандарында тәртіп сақтаудыӊ Ережелерін түсіндірді. Теміржолшылар жазғы каникул қарсаӊында оқушылар мен олардыӊ ата-аналарымен теміржол нысандары аумағында жүру Ережесін сақтаудыӊ алдын -алу шаралары бойынша кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, лекциялар оқуда.

Елордасындағы №15 орта мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы аясында Астана локомотив пайдалану депосыныӊ машинисі Еркебұлан Құдабаев пен Асқар Хасанов теміржол маӊында апатты жағдайды болдырмас үшін, барынша абай болып, сақ жүру керектігін баяндады.

"Жүргінші өзініӊ өмірін қауіптен қорғау үшін жол қауіпсіздігін қатаӊ сақтау керек. Кейде адамдар небәрі 100 метр жерді қысқарту үшін басын қауіпке тігеді де, пойыз доӊғалағыныӊ астында қалады",-дейді А. Хасанов.

Мектеп директоры Бауыржан Жәркеновтіӊ айтуынша, "әрбір ата-ана баласыныӊ сабақты жақсы оқуын қадағалап қана қоймай, Жол ережесін сақтауын да бақылап жүргені жөн"

"ҚТЖ -Жүк тасымалы" АҚ Техникалық саясат жөніндегі вице-президенті Иван Костыряныӊ хабарлауынша, барлық жол бөлімшелерінде темір жолдар мен өткелдерде болатын оқиғалар санын азайту мақсатында кешенді шаралар өткізілуде.

"2018 жылдыӊ төрт айында локомотив пайдалану депосыныӊ машинистері жолдағы апатты жағдайлардыӊ алдын -алу үшін 700 мәрте шұғыл тежегішті басып, пойызды тоқтатқан. Соған қарамастан, жыл басынан бері пойыздыӊ адамды қағып кетуініӊ бірнеше оқиғалары тіркелсе, оныӊ ішінде балаларға қатысты орын алғандары да бар",-дейді И. Костыря.

Оныӊ айтуынша, теміржолшылар пойыздардыӊ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды, бағыттауыш бұрмаларды, теміржол өткелі арқылы арқылы көпшілік өтетін тұстардағы дыбыс зорайтқыштыӊ қалыпты жұмысын, көпірлерді тұрақты түрде тексеріп отырады. Тексеру қорытындыларымен орын алған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Қазіргі таӊда жол бойына жақын орналасқан оқу орындары мен кәсіпорындарда, елді мекендерде теміржол қауіпсіздігі шаралары ережесі бойынша лекциялар оқылып, бейнероликтер көрсетілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны