04.02.2021, 17:24 7942

Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

Нұр-Сұлтан. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі "Tengri Bank" акционерлік қоғамының басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады.
 
Атап айтқанда, агенттік "Tengri Bank" АҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлына (1977 жылы туған) және банкке бағынышты компанияларының бірінің басшысы болған Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына (1991 жылы туған) іздеу жариялады.
 
Аталған адамдарға халықаралық іздеу жарияланған. Ұсталған жағдайда олар бірден тұтқындалады.
 

Осы кісілер жайлы бірдеңе білген азаматтарға 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 нөмірлеріне хабарлауды сұраймыз", - деп хабарлады ҚР Қаржы мониторингі агенттігінде.

 
Еске сала кетсек, былтыр Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі лицензиясынан айырған болатын. Сонымен қатар Tengri Bank салымшыларына 10,7 млрд теңге төленді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны