19.06.2015, 11:02 3668

Теӊіз биатлоны басталады

Бүгінгі күні Каспий теӊізініӊ қазақстандық су айдынында әскери теӊізшілер "Каспий теӊізі - 2015" (Теӊіз биатлоны) халықаралық сайыстарында даярлық жоспарын пысықтау үшін жорықтар өткізуде

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні Каспий теӊізініӊ қазақстандық су айдынында әскери теӊізшілер "Каспий теӊізі - 2015" (Теӊіз биатлоны) халықаралық сайыстарында даярлық жоспарын пысықтау үшін жорықтар өткізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Искери-теӊіз күштерініӊ "Орал" және "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық корабльдердіӊ экипаждары жорық кезінде корабльді ұрысқа және жорыққа дайындауды, жеке корабльмен жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуді, швартовкалардан (зәкірлер, бөшкелер) корабльдіӊ түсірілімін, базалау пунктінен шығуды, қарапайым және күрделі жағдайларда жүзуді пысықтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Зәкірге қою, зәкірден алу, борттыӊ ар жағына құлап түскен адамды құтқару және көтеріп алу, сондай-ақ халықаралық белгілер жиынтығы бойынша корабльдер мен кемелерге белгілер беру және талдау бойынша жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізілді.

"Каспий теӊізі" - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттер қарулы күштерініӊ халықаралық сайысы. Ол теӊіз айдынында корабльдердіӊ экипаждары және теӊіз жаяу әскері бөлімшелерініӊ жеке құрамы арасында өтеді және байқауға қатысушылардыӊ жауынгерлік даярлық деӊгейін тексерудіӊ жоғары нысаны болып табылады.

Байқауды өткізу мақсаты әскери кадрларды даярлау, әскерлердіӊ (күштердіӊ) даярлығын жан-жақты қамтамасыз ету, кәсіби дайындықтыӊ деӊгейін, корабль командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, теӊіз жаяу әскерлері бөлімшелері командирлерініӊ үйлесімін тексеру және чемпионатқа қатысушы елдердіӊ үздік суүсті корабль экипаждарын, теӊіз жаяу әскерлерініӊ бөлімшелерін айқындау. Сонымен қатар, Каспий өӊірі мемлекеттерініӊ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны