17.06.2008, 18:21 2771

"Тентек" шахтасында апаттың шығуына көмір мен газ атқылауы негізгі себеп болған - Божко

"Тентек" шахтасында апаттың шығуына көмір мен газ атқылауы негізгі себеп болған - Божко

Қарағанды. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Тентек" шахтасында апат шығуына газ шығуға қарсы шараларды орындау кезінде 193-д6-с конвейерлік штрегінде көмір мен газдың атқылауы себеп болған. Бұл туралы апат себептерін анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы, ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, комиссия маусымның 2-12 аралығында жұмыс істеген. "Ол газ шығу шараларына қарсы бұрғылау жұмыстары кесте бойынша жүргізілгенін анықтады. Біз бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде құжаттан ауытқудың еш оқиғаларын кездестірмедік. Сонымен бірге, біз мұндай жағдайларда көбінесе ғылыми көзқарас пен ғылыми жұмыстар қажет деп есептейміз", - деді В. Божко.

Атап айтқанда, ол "Арселор Миттал Теміртау" АҚ тау жыныстарының ғылыми зерттелуіне жеткілікті көңіл бөлмей отырғанын атап өтті. Мемлекеттік комиссияның мәліметтеріне сүйенсек, апаттан келген шығын көлемі 106 млн 746 мың теңгені құраған.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны