05.06.2008, 10:58 1221

"Тентек" шахтасындағы метан газының мөлшері қалыпты нормаға дейін азайтылды

"Тентек" шахтасындағы метан газының мөлшері қалыпты нормаға дейін азайтылды

Қарағанды. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Тентек" шахтасындағы метан газының мөлшері қалыпты нормаға дейін азайтылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында әскерилендірілген "Көмір" апаттық-құтқару қызметінің бөлімшесінің директоры Нақып Қаппасов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, сейсенбі күні сағат 19.00-де 1000 тонна көлеміндегі тау жынысы опырылып қалған забойдағы газсыздандыру құбырларын орнату аяқталған. Ал сәрсенбі күні желдеткіш іске қосылған. Сағат 13.22-де апаттық аумақты газсыздандыру жұмыстары аяқталды.

"Енді бұл апаттық-құтқару жұмыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жақын уақытта конвейер іске қосылып, жиналып қалған үйіндіні сыртқа шығару жұмыстары басталады. Газсыздандырылғаннан кейін апаттық-құтқару жұмыстарының қарқынының өскені айқын", - деді Н. Қаппасов. "Апат салдарын анықтайтын 7 шағын комиссия құрылды", - деп толықтырды ол.

"Зардап шеккен кеншілердің отбасыларына бүгінгі күннің қажеттіліктері үшін деп 100 мың теңге көлемінде алғашқы материалдық көмек көрсетілді", - деді облыс әкімінің орынбасары Асқар Базарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны