Система Orphus

"Тентек" шахтасының басшылығы өмірлеріне қатер төндіре отырып, кеніш ұңғымасынан зардап шеккен жұмысшыны алып шыққан екі кеншіні марапаттау туралы өтініш жасады

03.07.2009, 16:26 2323

Қарағанды. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Тентек" шахтасының басшылығы апат кезінде өз өмірлеріне қатер төндіре отырып, кеніш ұңғымасынан зардап шеккен жұмысшы Василий Штенцельді алып шыққан екі кенші - қазбашы Дмитрий Шевчук пен тау-кен мастері Александр Суриковты марапаттау туралы өтініш жасады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне көміршілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Миргоязов хабарлады.

Дәрігерлер В. Штенцельдің жағдайын тұрақты деп бағалауда, оған Қарағанды медицина университетінің оқытушы-профессорлары құрамының қатысуымен жетекші кәсіби дәрігерлер арнаулы медициналық көмек көрсетуде. Оның жағдайы оңала түсті деп бағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны