16.01.2008, 13:22 1681

"Тентек" шахтасының кеншілері жалақыны көтеру және еңбек ету жағдайларын жақсартуды талап етіп ереуілге шықты

"Тентек" шахтасының кеншілері жалақыны көтеру және еңбек ету жағдайларын жақсартуды талап етіп ереуілге шықты

Қарағанды. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның "Тентек" шахтасының кеншілері жалақыны көтеру және еңбек ету жағдайларын жақсартуды талап етіп ереуілге шықты. Бұл туралы шахта директоры Иван Шередекин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Түнгі кезекшілікке шыққан 49 кенші жер бетіне көтерілген жоқ", -деді И. Шередекин.

"Кеншілер зейнет демалысына шығу жасын 10 жылдық еңбек өтілімен 50 жасқа дейін азайту, кеншілердің зейнетақысын еңбекақы көлемінің 70 процентінен кем емес көлемде белгілеу, аурухана анықтамасы үшін төлемді орташа жалақыны есептей отырып төлеу, 1 тонна көмірдің өзіндік жоспарлы құнын 60 доллардан кем емес белгілеу секілді талаптар қоюда", - деді ол.

Сонымен бірге кеншілер метан шығу көлемін төмендету үшін лаваға түсетін жүктемені азайтуды, шахтада 2 -ден кем емес жұмысшы лава ұстау және кен қазу жұмыстарын қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуді талап етті.

"Кеншілердің талабы жазылған құжат үкіметке жалғастыру үшін Төтенше жағдайлар министріне табысталды", - деді көмір өндірушілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Мирзаязов.

Шахта директоры кеншілерге барып, оларды жер бетіне шығуға көндіргенін жеткізді.

"Мен кеншілерді дәл қазір ереуіл жасайтын уақыт та, ондай орын да емес деп көндірдім...", -деп атап өткен шахта директоры кеншілердің талабының обьективті екенін және оларды қолдайтынын айтты.

Қазір шахтадағы жұмыс жалғасып жатқанымен, ахуал ауыр күйінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны