04.04.2017, 17:51 5226

Терминология комиссиясы бекіткен терминдердіӊ жалпы саны 18 мыӊды құрайды

Терминология комиссиясы бекіткен терминдердіӊ жалпы саны 18 мыӊды құрайды. Үш жылда қазақ тілінде 8 мыӊ жаӊа термин бекітілген. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасыныӊ орынбасары Ғалымжан Мелдешев мәлім етті.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Терминология комиссиясы бекіткен терминдердіӊ жалпы саны 18 мыӊды құрайды. Үш жылда қазақ тілінде 8 мыӊ жаӊа термин бекітілген.

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасыныӊ орынбасары Ғалымжан Мелдешев мәлім етті.

2016 жылы termincom.kz бірыӊғай электрондық терминологиялық базасы іске қосылды. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, терминология комиссиясы көптеген терминдерді қарастырды. Кейбіреулері қоғамда келіспеушіліктер тудырады. Мысалға, фонтан, пианино, фортепиано, балкон сөздері ауызекі тілде "шаптырма", "бұрқақ", "су бұрқақ", "күй сандық", "қылтима" ретінде қолданылады.

"Біз оларды бекіткен жоқпыз. Сондықтан да аудармаларын емес, халықаралық атауларын пайдаланған жөн. Кезінде біреу осы сөздерді аударған, сөйтіп ол сөздер қоғамда орнығып қалған", - деді Ғ. Мелдешев.

Сондай-ақ, ол Республикалық терминологиялық комиссия мен Метрология және стандарттау жөніндегі ұлттық комитетке бірлесіп, барлық терминдерді бір стандартқа келтіру жұмыстарын атқаруы керектігін айтып өтті.

"Олардыӊ ішінде ассимиляцияға ұшыраған сөздер бар, мысалға, самовар - самауыр, поезд - пойыз. Егер барлық тілдерден, әсіресе Батыстан еніп жатқан сөздерді аудармай қалдыра беретін болсақ, бірнеше жылдан кейін үлкен мәселеге ұрынарымыз сөзсіз. Біз қазақтардыӊ мінезіне, діліне, қабылдау түсінігіне қарамастан, сөздерді шама келгенше аударуымыз керек. Мәселен, авария сөзін біз "апат" деп аударып жүрміз. Авария - зақым келтіру дегенді білдіретін араб сөзі. Сол себепті біз әр кез сайын сөздіӊ түп-төркініне мән беріп, мағынасына сай аударма жасауымыз керек", - деді Ғ. Мелдешев.

Оныӊ ойын Тілдерді дамытудыӊ республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығыныӊ директоры Ербол Тілешев толықтырып өтті.

"Қазақстанныӊ терминологиялық қоры мемлекеттік тіл тіршілік әрекетініӊ барлық саласында белсенді түрде қолданыста болуы үшін ұлғайтылуы керек. Қытайдыӊ әр саласында шамамен 50 мыӊ термині бар. Қазақстанда терминологиялық ғылым жеткілікті түрде дамыған және өзге елдерден артта қалушылық байқалмайды. Ұлы әрі дарынды Ахмет Байтұрсыновтыӊ бұл істіӊ бастауында тұрғаныныӊ өзі аталған жұмыстыӊ келешегініӊ зор екенін болжайды. Сонымен қоса, қазақ тілі өте бай тіл", - деді Е. Тілешев.

2017 жылы termincom.kz сайтын жетілдіру жоспарда бар, сөздердіӊ этимологиясы енгізіледі, ал ендігі терминдерді бекіту кезінде халықаралық тәжірибеге сүйенетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны