27.10.2016, 16:50 4792

Тестілік от жағу эстафетасы аясында Алматыда Универсиада алауы жағылды

Қала көшелерінде эстафета өткізілген соӊ, аймақтыӊ еӊ үздік студенті Алматыға Алауды жеткізіп, онда 16 алаудыӊ барлығы Универсиаданыӊ ашылу салтанатыныӊ шарықтау шегінде бір жерде біріктірілетін болады.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алауын жағу эстафетасыныӊ бас репетициясы өткізілді. Тестілік іс-шараныӊ бүкіл жағдайы іс жүзінде өткізілетін Универсиадаға барынша ұқсатылып өткізілді, деп хабарлайды Универсиада дирекциясы.

Ұйымдастырушылар Оттыӊ пайда болуын техникалық жағынан репетициядан өткізіп, тасымалдайтын шыны сауытты тестілеп көрді. Шыны сауыттыӊ ресми тасымалдаушысы - "Эйр Астана" компаниясы еліміздіӊ аймақтарынан 15 Отты Алматы қаласына жеткізетін болады.

От жағу эстафетасыныӊ көлік жөніндегі серіктесі "Вираж" компаниясы "Газ" үлгісіне жататын коммерциялық жеӊіл көліктердіӊ жаӊа топтамасын сапқа тізді, өз кезегінде бұл көлік санын оӊтайландырып, 2017 жылдыӊ қаӊтарында өткізілетін От жағу эстафетасы кезінде саптыӊ ұзындығын екі есеге дерлік қысқартуға мүмкіндік бермек.

Тестілік эстафетада Универсиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарыныӊ өкілдері бас қосты. 30-дан аса аймақтық менеджер Алау сақтаушыларыныӊ жұмысына бақылау жүргізді.

Алау сақтаушылар - бұл Универсиаданыӊ басталғанына 100 күн қалғанда күшейтілген даярлық бағдарламасынан өтуі тиіс 12 адамнан тұратын топ. Оқыту бағдарламасында топтыӊ қимыл-қозғалысын барынша көрікті әрі үйлесімді етуге көмектесетін қоюшы-режиссермен жұмыс жасау қарастырылған. Денешынықтыру даярлығына арналған жеке блок күтпеген жағдайларда қажет болмақ. Тағы 15 адам Алматыда тура осындай курстан өтіп, облыстарда жағылған Алаумен Алматыға оралу үшін Эстафета өткізілетін күні аймақтарға бет алатын болады.

Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы тестілік эстафетаға ойдан шығарылған кейіпкерлер де қатысты. Сценарийге сәйкес тестілік мақсатта Алауды жағу кезінде ойдан шығарылған облыс әкімі алғысөзбен шықпақ, ал бір шақырымға созылған жолды бес "жалған" алау көтеруші жүріп өтеді. Бұл мұқият іріктеу байқауынан өтпеген адамдар Алауды көтеретін Универсиада аясындағы жалғыз жағдай болмақ.

Тестілік эстафетаныӊ тағы бір маӊызды бөлігі ҚР аймақтарында алау көтерушілерді іріктейтін байқаудыӊ аралық қорытындысын шығаруға арналған. Жоғарғы оқу орныныӊ әрқайсысына өз іріктеуін өзі өткізу мүмкіндігі берілген, олар республикалық комиссияға он үміткердіӊ тізімін ұсынуы тиіс екендігін еске саламыз. Сондай-ақ, Универсиада-2017 сайтында қалаған адам анкетаны толтырып, өзін үміткер ретінде ұсынған тұлға ретінде іріктеуден өтуге мүмкіндігі бар.

Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес әрбір облыс орталығы, Астана және Алматы қалалары аймақтыӊ еӊ ірі жоғарғы оқу орнында Алаудыӊ пайда болуына арнап өз іс-шарасын өткізуі тиіс екені белгілі. Қала көшелерінде эстафета өткізілген соӊ, аймақтыӊ еӊ үздік студенті Алматыға Алауды жеткізіп, онда 16 алаудыӊ барлығы Универсиаданыӊ ашылу салтанатыныӊ шарықтау шегінде бір жерде біріктірілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны