18.01.2016, 10:57 4030

Тиым салынған дәрілерді өткізбек болыпты

"Семей" шекаралық жеке тексеріп өткізу пунктініӊ "Ауыл теміржол" көліктік бақылау бөлімшесініӊ шекарашылары қаӊтардыӊ 17 күні "Новосибирск-Алматы" бағытында қатынайтын № 301 пойызды кестесінен жарты сағатқа тоқтатып қоюға мәжбүр болды

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Семей" шекаралық жеке тексеріп өткізу пунктініӊ "Ауыл теміржол" көліктік бақылау бөлімшесініӊ шекарашылары қаӊтардыӊ 17 күні "Новосибирск-Алматы" бағытында қатынайтын № 301 пойызды кестесінен жарты сағатқа тоқтатып қоюға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оған себеп, № 2 вагонныӊ жолсерігінен қажетті құжаттары жоқ, дәрігерлердіӊ қатаӊ күшейтілген рецептерімен ғана берілетін, ФАРМ бақылаудан өтпеген, Қазақстан аумағында қолдануға тиым салынған дәрі-дәрмектердіӊ табылуы болды. Пойыздыӊ тоқтатылуы жөнінде акт жасалынды. Тиым салынған дәрілерді әкеле жатқан жолсерік Икімшілік құқық бұзушылық кодексініӊ 426 бабыныӊ 1-тармағы бойынша жауапкершілік арқаламақ. Бұл іспен Семей қаласыныӊ ФАРМ бақылау мекемесеі айналысуда.

ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны