Система Orphus

Тікелей вагондар жолға шығады

01.10.2015, 11:23 2783

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында Қарағанды-Новосибирск, Қарағанды-Новокузнецк және Қостанай-Павлодар бағыттарына тікелей қатынайтын вагондардыӊ төмендегі мерзімдер бойынша жолға шығатынын хабарлайды:

- Қарағанды-Новосибирск бағытында Қарағандыдан 2015 жылдыӊ 8 қазаны мен 8 желтоқсаны аралығында, Новосибирскіден 2015 жылдыӊ 10 қазаны мен 10 желтоқсаны аралығында қатынайды;

- Қарағанды-Новокузнецк бағытында Қарағандыдан 2015 жылдыӊ 11 қазаны мен 7 желтоқсаны аралығында, Новокузнецкіден 2015 жылдыӊ 13 қазаны мен 9 желтоқсаны аралығында қатынайды;

- Қостанай-Павлодар бағытында Қостанайдан 2015 жылдыӊ 6 және 26 қазаны, Павлодардан 2015 жылдыӊ 8 және 28 қазаны аралығында қатынайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны