24.07.2013, 15:58 3061

Тиландтан оралған 6 жерлесіміз аса қауіпті ауруға шалдыққан

Бұл дерт Сауд Арабия, Малайзия, Таиланд, Қытай елдерінде өршіп тұр. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биыл шетелде демалудан бас тартуға шақырады. Дәрігерлер қажылықтың өзі қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. Мамандарды алаңдатып отырған бұл дерт - құс тұмауының жаңа түрі. Арабияда аталған кеселге шалдыққан 77 адамның 40-ғы көз жұмған.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Тиландтан оралған 6 жерлесіміз аса қауіпті ауруға шалдыққан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Baq.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Таиландта демалған 6 қазақстандық қауіпті вирусқа шалдығып келді.

Бұл дерт Сауд Арабия, Малайзия, Таиланд, Қытай елдерінде өршіп тұр. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биыл шетелде демалудан бас тартуға шақырады. Дәрігерлер қажылықтың өзі қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. Мамандарды алаңдатып отырған бұл дерт - құс тұмауының жаңа түрі. Арабияда аталған кеселге шалдыққан 77 адамның 40-ғы көз жұмған.

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы:

- Тайланд елінен Алматыға оралған 6 жерлесіміз Денге безгек ауруына шалдыққан. Бұл - аса қауіпті ауру. Ол адамнан адамға жұқпайды. Бірақ уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, көбіне өліммен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны