28.05.2012, 16:19 3499

Тынық мұхиты жағалауында "Бад" дауылы күшейіп келеді

Мексиканың Тынық мұхиты жағалауында "Бад" деген атау алған биылғы жылғы алғашқы дауыл көтеріліп, күшіне мініп келеді, деп хабарлады Майамидегі АҚШ-тың ұлттық дауылдарды болжау орталығы.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Тынық мұхиты жағалауында "Бад" дауылы күшейіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мексиканың Тынық мұхиты жағалауында "Бад" деген атау алған биылғы жылғы алғашқы дауыл көтеріліп, күшіне мініп келеді, деп хабарлады Майамидегі АҚШ-тың ұлттық дауылдарды болжау орталығы.

Метеорологтардың мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде дауылдан келетін зардап мөлшерін есептейтін Саффир-Симпсон шкаласы бойынша үшінші деңгейге жетіп, Мексика жағалауынан 250 шақырым жерден сағатына 13 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжып келеді. Дауыл өтіндегі желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымды құрайды.

Мұның алдында Мексиканың Герреро және Колимо штаттарында дауылға байланысты дабыл қағылған еді. Мамандар табиғи апат осы штаттарды жайпап өтуі мүмкін деп алаңдаулы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны