24.03.2019, 18:53 5048

Өткен тәуліктерде шекарашылар Ресейде ұрланған көлікті Өзбекстанға өткізбей ұстады

Алайда, тексере келе бұл автокөліктің Ресей аумағынан ұрланып, іздеуде жүргендігі анықталды. Ұсталған азамат көлігімен бірге Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Өткен тәуліктерде шекарашылар Ресейде ұрланған көлікті Өзбекстанға өткізбей ұстады;

Ірі көлемдегі қорғасын концентраты мен темір сынықтарын және металл құрамды руданы заңсыз шекара асырмақ болғандардың жолын кесті;

120 литр заңсыз алкоголь өнімдерін елге кіргізбей, 1500 пачкаға жуық әртүрлі темекі өнімдерінің заңсыз айналымын тоқтатты;

Есірткі тасымалдаушыны ұстады;

Бекіре тұқымдас балықтарды ел аумағынан алып кетуге тосқауыл болды;

Елден 770 литр жанар-жағармайды 19 тонна тауық жұмыртқасын заңсыз алып шықпақшы болған адамды ұстады;

Электрошеокер мен кастет тәркіледі;

Сарыағаш шекара отрядының "Жібек жолы авто" бөлімшесінде шекарашылар "Хюндай Туксон" автокөлігімен Өзбекстанға қарай өтпек болған 1987 жылы туған Ресей азаматын ұстады. Автокөлік Ресейде тіркеуде екен. Алайда, тексере келе бұл автокөліктің Ресей аумағынан ұрланып, іздеуде жүргендігі анықталды. Ұсталған азамат көлігімен бірге Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң авто"өткізу бөлімшесінде 1975 жылы туған қазақстандық "Мерседес-Бенц" жүк көлігімен Ресейге 20 000 кг қорғасын концентратын ешқандай рұқсат құжаттарынсыз алып өтпек болыпты.

Аталған отрядтың "Әлімбет авто" өткізу бөлімшесінде "ДАВ" автокөлігімен Ресейге 20000 кг. темір сынықтарын алып өтпек болған 1965 жылы туған Ресей азаматы ұсталды.

Сондай-ақ, Қостанай шекара отрядының "Аят-авто" өткізу бөлімшесінде де 59 жастығы Қазақстан азаматы "Вольво" жүк көлігімен жалпы салмағы 19 280 кг. металл құрамдас руданы Ресейге құжатсыз алып өтпек болғаны үшін ұсталды.

Қордай шекара отрядының "Қордай-авто" өткізу бөлімшесінде 25, 58 және екеуі 48 жастағы төрт Қырғыз Республикасының азаматтары 17, 9 және 24 литрге жуық, 55 жастығы қазақстандық 70 литр әртүрлі маркалы алкоголь өнімдерін біздің елге заңсыз алып келуге талпынғандығы үшін ұсталып, құзырлы органдарға тапсырылды.

Дәл осы тексеріп-өткізу бекетінде біздің елге келе жатқан 48 жастағы қырғыз азаматынан әртүрлі маркалы 70 пачка темекі табылса, Мырзакент шекара отрядының "Жетісай-авто" бөлімшесінде 1980 жылы туған қазақстандық Өзбекстанға қарай1480 пачка әртүрлі темекі өнімдерін заңсыз шығармақ болыпты.

Қордайлық шекарашылар тағы да біздің елге қарай келе жатқан 1987 жылы туған қырғыз азаматының автокөлігінен жалпы салмағы 72 кг кальянға арналған темекі өнімін тауып, мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлеріне актімен тапсырды.

Қостанай шекара отрядының "Желқуар-авто" өткізу бөлімшесінде қызметтік иттің меңзеуімен 1983 жылы туған қазақстандықтың автокөілігінің артқы орындығында жатқан баскиімнің маңдайшасынан салмағы 20 грамм көлемінде "марихуана" есірткісі табылып, ұсталған азамат Жітіқара аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Бейнеулік шекарашылар "Бейнеу - Нүкүс" бағытындағы № 648 пойызды тексеру барысында вагондардың бірінің шаруашылық тамбурынан 20 кг көлемінде бекіре тұқымдас балықтарды тауып алды. Иесі анықталған жоқ, актімен желілік полиция бөліміне тапсырылды.

Қордайда 50 литр дизель отынын, алып шықпақ болған 1987 жылғы қырғыз азаматы, 160 литр "АИ-92" бензинін алып шықпақшы болған 1973 жылғы қырғыз азаматы, 50 л Аи-92 бензинін алып шықпақшы болған 1958 жылғы қырғыз азаматы, 110 литр дизель отынын алып шықпақшы болған 1977 жылғы қырғыз азаматы, Жетісайда 400 литр дизель отынын алып шықпақшы болған 1961 жылғы Өзбекстан азаматы ұсталды.

Қордай шекара отрядының "Қарасу-авто" бөлімшесінде 60 жастағы қазақстандық "ДАФ" автокөлігімен 19 тонна тауық жұмыртқаларын Қырғыз Республикасына қарай ешқандай құжатсыз алып шықпақшы болыпты. Жүк мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылып, көлік иесі тергеуге келу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Семейлік шекарашылар 1962 жылы туған ресейліктің автокөлігінің орындығының астына жасырылған "POLICE HL-2013" маркалы қолшам түріндегі электрошокер тапса, "Үбе авто" бөлімшесінде "Өскемен - Новосибирск" бағытындағы автобуста 19 жастағы қазақстандықтың сөмкесінен қолдан жасалған кастет тауып алды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны