31.01.2019, 14:17 16155

Өткен жылы полиция қызметкерлері еліміз бойынша 7374 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығын анықтады

Қостанай қаласында 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, оның гаражынан героин алынды. 170 граммнан астам есірткі затының заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

Астана. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел операция нәтижесінде Қостанай қаласында 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, оның гаражынан героин алынды. 170 граммнан астам есірткі затының заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, жаза мерзімі мүлкін тәркілеумен 15 жылды құрайды.

Ұсталған Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өткен жылы полиция қызметкерлері еліміз бойынша 7374 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 1359 есірткі өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 18 тонна есірткі алынды, оның ішінде 40 кг жуық героин.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны