06.05.2008, 13:08 1401

ТМД аясында пайдаланылмайтын 13 млн гектар егіндік жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге болады - БҰҰ

ТМД аясында пайдаланылмайтын 13 млн гектар егіндік жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге болады - БҰҰ

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ТМД аясында пайдаланылмайтын 13 млн гектар егіндік жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге болады. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының жаңа баяндамасында айтылған , деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Баяндамаға сәйкес, ТМД елдерінде кейінгі жылдары 23 млн егіндік жер өндіріс аясынан шығарылған. Мамандардың пайымдауынша, кем дегенде соның 13 млн гектар жерін қандайбір күрделі экологиялық шығынсыз ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге пайдалануға болады.

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, бүгінгі күні дүниежүзінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру мақсатында оған жарамды аумақтың небәрі үштен бір бөлігі ғана пайдаланылуда. Бұл құрлықтың шамамен 11%-ына (1,5 млрд гектар) тең.

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, жер бетінде 2,7 млрд гектарға жуық жерді ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға болады. Оның басым бөлігі Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) және Латын Америкасы елдерінде. БҰҰ сарапшыларның пайымдауынша, өңделетін жерлердің аумағын кеңейту әлемдегі кедейлікпен күреске және көптеген елдердің дамуына септігін тигізеді. Айталық, Африка халқының 70% ауылшаруашылығының есебінен күн кешуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны