24.09.2008, 19:09 4997

ТМД елдері кинематография саласында ынтымақтастық орнатуға уағдаласты

ТМД елдері кинематография саласында ынтымақтастық орнатуға уағдаласты

Алматы. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің мәдениет министрлері бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXIII отырысы барысында кинематография саласында ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Бұл туралы отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Изербайжанның мәдениет және туризмді дамыту министрі Абульфас Караев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сондай-ақ, ТМД елдері мәдени мұраны сақтау бағдарламасы бойынша Қазақстанның тәжірибесін пайдалануға шешім қабылдады. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткеніндей, "бұл - әзірге ТМД аясында баламасы жоқ бірегей бағдарлама. Ол туралы бастаманы Қазақстан президенті сонау 2003 жылы халыққа арнаған жолдауында көтерген". "Үш жылдың ішінде мәдени інжу-маржандарды, артефактілер, мұрағат құжаттарын жинауда ұлығаусар жұмыстар тындырылды".

"Бұл бағдарламаға бүгінде көпшілігі қызығушылық танытуда. Хаттамаға біздің тәжірибені мақұлдаған жеке бөлім енгізілді. Біз мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңес шеңберінде осы бағдарламаны кеңейте түсуге біз қуана келісеміз", - деді М. Құл-Мұхаммед.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны