20.05.2019, 16:08 8181

ТМД құрылысшылары құрылыс саласында ақпараттық модельдеуді енгізудің аралық қорытындысын жасады

Минск қаласында өткен "BIM-технологиясы және оларды енгізу. Құрылыстағы баға белгілеу" атты IV халықаралық конференцияға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Армения, Молдова, Литва, Әзербайжан, Украина елдерінің мемлекеттік және жеке құрылыс ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған Түркия сарапшылары қатысты.

Нұр-Сұлтан. 20 мамыр. Kazakhstan Today - "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының директоры Данияр Тоқтыбаев Минск қаласындағы халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда Қазақстан Республикасының құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) мемлекеттік деңгейде енгізуге бағытталған үшжылдық жұмыс нәтижелерін айқындады.

Минск қаласында өткен "BIM-технологиясы және оларды енгізу. Құрылыстағы баға белгілеу" атты IV халықаралық конференцияға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Армения, Молдова, Литва, Әзербайжан, Украина елдерінің мемлекеттік және жеке құрылыс ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған Түркия сарапшылары қатысты. Аталған іс-шара Беларусь елінің Құрылыстағы баға белгілеу Республикалық ғылыми-техникалық орталығымен (РГТО) ұйымдастырылып отыр.

Қазақстандағы құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізудегі зор тәжірибе туралы баяндамасында Данияр Тоқтыбаев ҚОАМТ қолдану бойынша мемлекеттік нормативтерді жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерін көрсетті. Атап айтқанда, технологияны енгізу жолында туындайтын қиыншылықтарға, "кедергілерге" ерекше назар аударды.

Кейбір кедергілер, яғни жобалау және құрылыс саласында енгізіліп жатқан жаңа технологиялар туралы әлсіз ақпараттылық, инновациялық құралдарды пайдаланудың қарқынсыз көрсеткіштері және т.б. сияқты жалпыға мәлім кедергілер болып табылады.

"Кедергілердің" өзге бөлігі белгілі бір мемлекетке, оның саяси және әкімшілік-аумақтық басқару құрылымына, мемлекеттік басқарудағы тиісті деңгейде технологияны енгізу өзектілігін түсіну, бизнес-құрылым өкілдері, кәсіби ұлттық қауымдастықтар мен түрлі үкіметтік емес бірлестіктер тарапынан осы мәселеге ықпалдасу әрі белсенді қатысу деңгейін бейнелейтін "ерекшеліктерге" ие.

Аталған мәселелерді шешеудегі негізгі идея ашық халықаралық форматтарды мемлекеттік нормативтік базамен және қалыптасқан тәжірибемен үйлестіру болып табылады. Бұл ретте, ақпараттық модельдеу технологияларын енгізудегі ең негізгі жетістік жеке меншіктегі компаниялардың инновацияға инвестиция салуға және мемлекет ішінде ғана емес, сонымен қатар мемлекет шегінен тысқары өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға даярлық дейгейіне байланысты екендігі сөзсіз. Мемлекеттік тапсырыс берушінің ақпараттық талаптарына сай ақпараттық модельдеуді қолданушы жеке сектордың ынтымақтастығы ғана құрылыс саласына аталған қажетті технологияны сәтті енгізуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты - "ҚазҚСҒЗИ" АҚ ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жанындағы Қазақстанда ҚОАМТ енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы енеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны