15.07.2008, 15:32 1434

ТМД сарапшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандар дайындау жөніндегі құжаттарды мойындау тәртіптері туралы келісімнің жобасын талқылайды

ТМД сарапшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандар дайындау жөніндегі құжаттарды мойындау тәртіптері туралы келісімнің жобасын талқылайды

Душанбе. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ТМД Атқару комитетінде бүгін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды дайындау, аттестациялау және сертификаттау жөніндегі құжаттарды мойындау тәртіптері туралы келісімнің жобасын келісу жөніндегі сарапшы топтың екі күндік отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатта қарастырылғанындай, ТМД елдері мамандарды оқыту мен аттестациялауда толық дербестікке ие бола отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы келісілген нормаларға бағынады.

Сарапшылар толық келіскен соң келісімнің жобасы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны