18.05.2007, 15:33 3205

ТМД және Балтық елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесі халықаралық жол қатынасы жөніндегі келісімге бірқатар өзгерістер енгізді

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада 46-шы отырысына жиналған ТМД және Балтық елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесі халықаралық жол қатынасы жөніндегі келісімге бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл туралы бүгін кеңестің жолаушы және жүк тасымалы жұмыстары жөніндегі департаментінің директоры Валентин Савельев журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, В.Савельевтің сөзіне қарағанда, келісімге "темір жол жолаушы діттеген жеріне жетпей қалған жағдайда бұл оқиға темір жолдың кінәсінен болғанда ғана жауапкершілік жүктейді" деген норма енгізілді. "Ал егер ол жүріске кедергі болған қандайбір оқиғаның алдын-ала алмаған жағдайда жолаушылар алдында жауапкершілік жүктемейді",- деді кеңес өкілі.

Өкілдің түсініктемесіне сәйкес, "қазіргі күні межеге жетпеген жол қозғалысы үшін ТМД және Балтық елдерінің темір жолдары жауапкершілік жүктейді". Сонымен бірге, В.Савельевтің айтуынша, 1-қыркүйектен бастап жолаушылар тасымалдайтын вагондардағы, купе және плацкартты вагондардың қай-қайсысында да, жатын көрпе-жастық құны ТМД және Балтық елдерінің темір жолдарында түгелдей билет құнына қамтылатын болады. "Поезды құрастыратын елдің темір жолдары көрпе-жастық құнын өздері белгілейтін болады",- деді департамент директоры.

В.Савельевтің хабарлауынша, аталмыш келісімге сәйкес, жолаушылар тасымалдайтын вагондарда ендігі жерде алып жүруге рұқсат берілетін тұрмыстық техниканың мөлшері ұлғайтылады. "Егер бұрын үш өлшемі бойынша 100 сантиметрден аспайтын тұрыстық техниканы алып жүруге рұқсат беріліп келсе, ендігі жерде бұл мөлшер 200 см-ге дейін арттырылды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны