14.09.2012, 14:42 4762

ТМРА "Эйр Астана" билеттерінің бағасын арзандатпақ

BNews.kz ақпараттық агенттігінің агенттік төрағасы Мұрат Оспановқа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, басты себеп - қазір керосин бағасы арзандаған.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі әуе тасымалдаушы ұлттық компанияның билеттерін арзандатпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің агенттік төрағасы Мұрат Оспановқа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, басты себеп - қазір керосин бағасы арзандаған.

"Сәуір айында ұшақ билеттерінің бағасы біраз (16 пайызға - агенттік) қымбаттағаны белгілі. Бірақ, қазір мұнай, авиакеросин арзандады. Ол бұрын 185 мың теңгеден сатыса, қазір біздің мұнай өңдеуші зауыттар оны 145 мың теңгеден сатып отыр. Біздің агенттік ұлттық әуе тасымалдаушы "Эйр Астана" компаниясының қызметін қайта қарау туралы бастаманы қолға алды. 15 тамыз күні компаниядан бағаны арзандату туралы өтініш қабылдадық. Қазір ұшақ билеттері қаншаға арзандайтынын айта алмаймын, алайда баға міндетті түрде арзандайды", - деді агенттік төрағасы.

Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың сәуір айында "Эйр Астана" компаниясы ұшақ билеттерінің бағасын 16 пайызға қымбаттатқан. Компания керосин бағасының екі есе қымбаттауына байланысты осындай қадамға барғандарын айтып, түсініктеме берген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны