28.09.2015, 15:21 4222

ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов 800 миллион теӊге айыппұл төледі

Астана қаласыныӊ Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ 13.02.2015 жылғы шешімімен Мұрат Оспановтан мемлекет пайдасына 847 609 252 теӊге көлемінде айыппұл сомасы өндірілді. Айыппұлдыӊ қалған сомасы 253 450 748 теӊгені құрайды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ 13.02.2015 жылғы шешімімен Мұрат Оспановтан мемлекет пайдасына 847 609 252 теӊге көлемінде айыппұл сомасы өндірілді. Айыппұлдыӊ қалған сомасы 253 450 748 теӊгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кетейік, Мұрат Оспановқа Қылмыстық кодекстіӊ 311-бабы бойынша аса ірі көлемде пара алды деген кінә тағылған еді. Жыл басында аяқталған сот процесінде ТРМА бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов сот залынан босатылған болатын. Экс-шенеунікті қамауға алу бұлтартпау шарасы мүлкін тәркілеумен қатар, ешқайда шықпау қолхатына ауыстырылып, 1 млрд. 101 млн. теӊге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оспанов 2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінде жауап беруден кейін ұсталды.

Соттыӊ жіберген хабарламасы бойынша, үкім шығару кезінде М. Оспановтыӊ бұрын ешқандай қылмыс жасамағаны, мемлекеттік наградалармен марапатталған қызметтік өтілі ескерілді.

Естеріӊізге салайық, М. Оспанов 300 мыӊ доллар көлемінде пара алды деген күдікпен былтыр шілде айында ұсталған болатын, кейінірек сот оны қамауға алуды санкциялады. Мұрат Оспанов ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ төрағасы қызметіне 2012 жылдыӊ қаӊтар айында тағайындалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны