03.05.2021, 21:10 8859
Тоқаев православ христиандарды Пасхамен құттықтады
Достарға айту
Қымбатты отандастар! Еліміздегі православ христиандарын көктемнің жарқын мерекесі – Пасхамен құттықтаймын! Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді. Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді", - деп жазды Президент.
Ол жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
Бүгінгі шуақты мереке әр шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөлей берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Пасха мерекесі құтты болсын!", - деп Тоқаевтың үндеуін келтіреді Ақорданың ресми сайты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.12.2025, 16:44 3356
Жастар қауіпсіздігіне арналған "Студенттер заң үшін" галстуксыз форматтағы форум
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайдыШығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Ерекше назар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда. Өйткені олар жеткіліксіз хабардар болуына немесе "әдемі өмірдің" арбауына түсу қаупіне байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылып кетуі мүмкін.
Әңгіме алаяқтық, дропперлік, есірткі қалдыру, сондай-ақ буллинг пен лудомания сияқты қылмыстар туралы болып отыр. Осыған байланысты кезекті іс-шара, ашық диалог форматында 3 университет пен 20 колледждің студенттерімен өткізілді. Кездесу "галстуксыз" ашық диалог форматында қызу өтті.
Диалогтың негізгі ұрандары: "Заң мен тәртіп әр адамнан басталады", "Құқықтық тәртіп - дамыған қоғамның кепілі", "Жастар - Қазақстанның болашақтың заңды мұрагерлері".
Студенттер мен олардың кураторлары прокурорларға, Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығына, қала әкімінің орынбасарына түрлі тақырыптарда белсенді түрде сұрақтар қойды.
Аудиторияны негізінен интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқылмыстар, өзге тұлғаларға ИП ашу тәуекелдері, сондай-ақ банк карталарын бөгде адамдарға беру мәселелері қызықтырды.
Жеке деректердің таралуы, балаларды тыйым салынған контенттен қорғау, облыс орталығы көшелерінің абаттандырылуы мен жарықтандырылуы сияқты сұрақтар да көтерілді.
Барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, анонимді форматта блиц-сауалнама жүргізіліп, студенттер қағаз жүзінде және QR код арқылы 100-ден астам сұрақ пен ұсыныс жолдады.
Студенттерді прокуратурада жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар, медициналық қызмет сапасын арттыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Жекелеген сұрақтар мен ұсыныстар сол жерде талқыланып, пікірлер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша әрбір білім беру мекемесінде студенттік "Заң. Тәртіп. Болашақ" қозғалысын құру туралы шешім қабылданды. Бұл қозғалыс студенттер қауымдастығының құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысуға бағытталған. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 17:18 38141
"Shymbulak"-та қысқы маусым ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда қысқы туристік маусым басталды. Қала жыл бой туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, ал таулы аймақтарға қызығушылық жазда да, қыста да тұрақты түрде жоғары. 2025 жылы қаңтар-қараша айларында Іле-Алатау ұлттық саябағына 901 мың адам, ал қаңтар-қазан аралығында Shymbulak курортына 1,1 млн турист келген. 2025 жылдың жазында Shymbulak 450 мыңнан астам қонақты қабылдады. Бұл таудағы демалысқа деген сұраныстың жыл бойына жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қысқы кезеңдегі басты туристік нысан дәстүрлі түрде - 6 желтоқсанда маусымды ресми түрде ашқан Shymbulak тау-шаңғы курорты. Курорт Орталық Азиядағы жетекші бағыттардың бірі саналады. Өткен маусымда мұнда 1,5 млн адам келді, ал халықаралық басылымдар Shymbulak-ты әлемдегі ең үздік 5 тау шаңғысы бағыттарының қатарына енгізді.
Жаңа маусымда Shymbulak туристік белсенділік аясын кеңейтеді. Le Mont алаңында әр сенбі сайын күндізгі après-ski өтеді. Қазірдің өзінде Талғар, Жасыл Алаң, Ақ Аю және Ақбарсық трассалары ашық. Қосымша беткейлер мен Талғар асуынан түнгі сырғанау алаңдары ауа райы тұрақты суытқан сәттен бастап іске қосылады.
2025 жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келді, ал жыл соңына қарай олардың саны 750 мың адамға дейін артпақ. Осы жағдайды ескере отырып Shymbulak қонақтарды қабылдауға толық дайын: бес ай бойы шаңғы маусымы, мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы және таудағы демалысқа ыңғайлы инфрақұрылым ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 13:54 58826
Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. "Авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру" немесе "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 12:20 91816
46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен таралып жатыр. Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті.
Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.
Дипломдарды генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.
Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады.
Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.
Сонымен қатар жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы электрондық үкіметтің ("Цифрлық құжаттар") мобильді қосымшасында да қолжетімді.
Жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 13:38 97276
Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін кеңейту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Ашық НҚА" порталында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұйрық жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қазіргі тізбесін кеңейту көзделген. Бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынады.
Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шайды қосу көзделген. Әр позиция бизнес қауымдастықпен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқылаудан өтеді.
Тізбені уақытша кеңейтудің негізгі мақсаты - халықтың күнделікті тұтынатын басты азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін арттыру және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ӘМАТ тізбесін кеңейту - уақытша қолданылатын шара. Ол аталған тауарлардың бағасын қалыптастыру үдерісінің ашықтығын арттыруға және жоғары үстеме баға қоятын өнімсіз делдалдарды айналымнан шығаруға бағытталған. Бұл өзгерістер аталған тауарларды өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен өндіріс қуатын кеңейтуге қосымша ынталандыру болады.
Тауарлардың ӘМАТ тізбесіне енгізілуі өндірушілер мен импорттаушыларды сауда желілеріне сыйақы мен ретробонустар төлеу міндетінен босатады. Бұл өз кезегінде тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнестің қаражаттын өз қызметін дамытуға бағыттауына мүмкіндік береді.
Тізбеге енгізілген тауарларды өндірушілер мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларына, мәселен әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеңілдетілген тарифпен тасымалдау, коммуналдық қызметтер бойынша бекітілген тарифтер, жеңілдетілген айналым қаражаты және өзге де қолдау құралдарына қол жеткізе алады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылып отырған тізбесі:
1. Бірінші сұрыпты бидай ұны
2. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)
3. Рожки (өлшеніп салынатын)
4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын )
6. Картоп
7. Ас сәбізі
8. Пияз
9. Ақ қауданды орамжапырақ
10. Қызанақ
11. Қияр
12. Алма
13. Қант - құмшекер
14. Күнбағыс майы
15. Сүйегі бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Сүйегі бар қой еті
19. Сүйегі бар жылқы еті
20. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)
21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
22. Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)
23. Тауық
24. 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт
25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт
26. 2,5% майлылықтағы айран
27. Қаймақ
28. 5-9% майлылықтағы сүзбе
29. Қатты ірімшік
30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
31. Тауық жұмыртқасы (I санат)
32. Қара шай
33. Ас тұзы ("Экстра" санатынан басқа)
Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі азаматтарды, бизнес өкілдерін және сарапшыларды "Ашық НҚА" порталындағы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 13:18 103141
Алматыда жер сілкінді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы халқы 4 қарашада шамамен 12:45-те жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Inform.kz.
Артынша тұрғындарға жер сілкінісі туралы ескерту келді.
Алматы қаласы аумағында жер сілкінісі", - делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі – 5 шақырым.
Алматыда және облыстың бірнеше елді мекенінде жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл деңгейінде сезілді.
Есептік қарқындылық (баллмен) төмендегідей болды:
- Алматы қаласы – 3 балл, 277 шақырым;
- Алматы облысы, Талғар қаласы – 3 балл, 271 шақырым;
- Алматы облысы, Қаскелең қаласы – 3 балл, 283 шақырым;
- Алматы облысы, Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл, 314 шақырым;
- Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл, 336 шақырым;
- Жетісу облысы, Жаркент қаласы – 2 балл, 374 шақырым;
- Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 444 шақырым;
- Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 балл, 476 шақырым.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 12:34 97586
Қазақстанда офтальмологиялық қызметке зейнетақы қаражатын пайдалану жойылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - "Отбасы банк" АҚ хабарлайды: біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді enpf-otbasy.kz платформасы 2025 жылдың 4-ші желтоқсанынан бастап қабылдамайды, деп хабарлайды hcsbk.kz.
Осы күнге дейін жіберілген барлық өтінімдер жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады.
Өтінім қабылдауды тоқтату - Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерімен байланысты. Желтоқсанның үші күні тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.
Қазіргі уақытта банкте "офтальмология" бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:
- 5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;
- 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.
Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты.
15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті.
Сонымен қатар, банк бірқатар күмәнді жағдайларды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды.
Бірқатар бағыттар тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады. Атап айтқанда:
- орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
- реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
- радионуклидті және радио-йод терапия;
- радиохирургиялық ем;
- протондық терапия.
Айта кету керек, стоматология мен офтальмология - БЗҚ пайдалануға болатын медициналық қызметтердің тек шағын бөлігі ғана. Бағдарлама жалпы жұмысын жалғастырып, мыңдаған азаматқа денсаулыққа қатысты маңызды мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.12.2025, 11:45 102706
14 желтоқсаннан бастап "Астана - Омбы" бағыты бойынша пойыз қатынайды
Достарға айту
2025 жылдың 14 желтоқсаннан бастап №145/146 "Астана - Омбы" жолаушылар пойызы жолға шығады. Пойыз аптасына үш рет - сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Құрамында 3 купе және 5 плацкарт вагоны бар. Бір бағытта шамамен 400 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен.
Жаңа бағыттың ашылуы - халықтың көлікпен қатынау мүмкіндігін арттыруға, вагондар паркін тиімді пайдалануға және маршруттық желіні кеңейтуге бағытталған. Пойыз заманауи, қауіпсіздік және жайлылық талаптарына толық сай вагондардан жасақталады.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 байланыс орталығына хабарласу қажет. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтер сайтындағы онлайн-таблода қолжетімді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.12.2025, 16:44Жастар қауіпсіздігіне арналған "Студенттер заң үшін" галстуксыз форматтағы форум
09.12.2025, 13:07 84656Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады09.12.2025, 14:10 81471Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды81281Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 14:49 79511Қазақстан Душанбеде өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты10.12.2025, 15:52 79276Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда
13.11.2025, 17:40 177086Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175991Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады19.11.2025, 16:26 146806Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146446Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145671Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

