30.05.2018, 21:06 3396

"Тоғызқұмалақ" зияткерлік ойыныныӊ мобильді қосымшасын әзірлеген бағдарламашы арнайы марапатқа ие болды

Мобильдік қосымша зияткерлік ойындардыӊ әуесқойлары арасында қысқа уақытта танымал болды және компьютерлік бағдарламалар арасында өтетін әлем чемпионаттарында 4 рет жеӊімпаз аталған. Осы мобильді қосымшаны әзірлеу үшін Ернар 10 жыл уақыт жұмсаған.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - 25 мамырда Астанада Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясыныӊ Президенті Алихан Байменов "Тоғызқұмалақ" зияткерлік ойынныӊ мобильдік қосымшасын әзірлеген Ернар Шамбаевты зияткерлік ойындарды дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет белгісімен марапаттады.

Бағдарламашы Ернар Шамбаев тоғызқұмалақ ойыныныӊ "Android" және "Windows" операциялық жүйелеріне арналған қосымшасын әзірлеген. Мобильдік қосымша зияткерлік ойындардыӊ әуесқойлары арасында қысқа уақытта танымал болды және компьютерлік бағдарламалар арасында өтетін әлем чемпионаттарында 4 рет жеӊімпаз аталған. Осы мобильді қосымшаны әзірлеу үшін Ернар 10 жыл уақыт жұмсаған.

Дүниежүзілік "Тоғызқұмалақ" федерациясыныӊ президенті Алихан Байменов: "Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны - жастарды тәрбиелеудіӊ тиімді құралы, ол логикалық ойлауды, жігер мен табандылық сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Біздіӊ дәстүрлі ойынымыз қазіргі заманныӊ талапына сай болып, жастардыӊ бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыратынына қуаныштымын. Казірдіӊ өзінде мобильді қосымшаны қолданып, турнирлер өткізілуде. Тоғызқұмалақтыӊ мобильді нұсқасы ойынға деген қызығушылықты одан әрі арттыратынына сенімдімін", - деп мәлімдеді.

Ернар Шамбаев компьютерлік лингвистиканы шетелде оқыған. Сондай-ақ, ол қазақ тіліндегі мәтіндерді кириллицадан жаӊа латын графикасына айналдыруға мүмкіндік беретін "Жаӊа қазақ" қосымшасыныӊ авторы болып табылады.

Тоғызқұмалақ тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Германия, Чехия, Франция, Швейцария және тіпті Колумбия сияқты әлемніӊ көптеген елдерінде де танымал. Қазақстанда тоғызқұмалақпен екі жүз мыӊнан астам адам шұғылданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны