07.10.2015, 10:55 4505

Тоқ ішектегі есірткі

Автокөлікті тексеру барысында орындықтардыӊ арасынан 4 дана қолданылмаған және 2 дана қолданылған щприц табылды.

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ солтүстік шекарасында орналасқан Петропавл шекара отрядына қарасты "Қарақоға-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары "ГАЗ" автомашинасына мініп, "Петропавловск-Омск" бағытында кетіп бара жатқан Ресей Федерациясыныӊ екі азаматы мен Қазақстан Республикасыныӊ бір азаматын ұстады. Тексеру барысында олардыӊ есірткі шегіп алғандықтары мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Автокөлікті тексеру барысында орындықтардыӊ арасынан 4 дана қолданылмаған және 2 дана қолданылған щприц табылды.

Тексеру кезінде "көӊілді" азаматтардыӊ бірі өзініӊ тоқ ішегінде 2 грамм "химиялық" есірткініӊ бар екендігін мәлімдеді.

Есірткіге еліткен жолаушылар құқыққорғау органдарына берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны