16.05.2017, 17:46 3948

Токио қаласында жаһандық әйелдер саммиті өтті

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері Раушан Сәрсембаева мен Динар Нүкетаева бастаған 85 кәсіпкер әйелден тұратын қазақстандық делегация бұл маӊызды жиынға қатысты.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 11-13 мамыр аралығында Токио қаласында әлемдік әйелдер қоғамыныӊ алдыӊғы қатарлы бизнес-форумына айналған Жаһандық әйелдер Саммиті өтті.

Саммит тақырыбы "Уименомика шегінен тысқары: мүмкіндіктерді жеделдету" кәсіпкер әйелдердіӊ әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсете отырып, олардыӊ бизнестегі басшылық лауазымдарға көтерілу жолдарын айқындауға, сонымен қатар, жаһандық нарыққа шығу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Саммит әйелдерге арналған жаһандық шаралар күнтізбесінде ерекше орынға ие, жаӊа идеялар мен іскерлік байланыстардыӊ орнауына, жаӊа білім алуға, бизнес пен көшбасшылықта тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін әлемдік пікір алмасу алаӊы болып табылады.

Бұл маӊызды және ірі ауқымды іс-шара жұмысына әлемніӊ барлық мемлекеттерінен 1000-нан астам әйелдер қатысты. Кездесулердіӊ мақсаты - қазіргі таӊдағы әлемніӊ серпінді даму жағдайындағы әйелдердіӊ экономикалық хал-ахуалын жетілдіру бойынша әлемдік саясат өкілдерініӊ, ірі халықаралық ұйымдар мен компаниялар өкілдерініӊ және көшбасшы әйелдердіӊ пікірлерімен танысу.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері Раушан Сәрсембаева мен Динар Нүкетаева бастаған 85 кәсіпкер әйелден тұратын қазақстандық делегация бұл маӊызды жиынға қатысты.

Саммит жұмысына Жапонияныӊ Премьер-министрі Синдзо Абэ, Токио қаласыныӊ мэрі Юрико Койке, Жапонияныӊ сыртқы істер министрі Фумио Кишида және т.б. Жапония мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері қатысты.

Бұндай ауқымды іс-шараныӊ Токио қаласында өткізілуі кездейсоқ емес, бұл - серпінді дамып келе жатқан азиялық нарықтыӊ айқын мысалы. Сол себепті саммиттіӊ пленарлық отырысытарыныӊ маӊызды тақырыптарыныӊ бірі "Жапониямен бизнес-әріптестік орнату" болып табылды. Бұл отырыста жапониялық және азия-тынық мұхиты нарықтарына шығу мүмкіндіктері жөнінде толыққанды ақпарат берілді.

Саммит жұмысы шеӊберінде әйелдердіӊ корпоративті көшбасшылыққа жету мүмкіндіктерін жылдамдату және әлем бойынша әйелдер басқаратын кәсіпорындар санын арттыруға бағытталған стратегиялар құру бойынша әлемніӊ түкпір-түкпірінен түрлі бастамалар талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны