03.02.2016, 14:22 4984

Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды

"Террорлық қауіп-қатерді талдау орталығы" өкілдігініӊ басшысы Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды, деп хабарлады Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметінен

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - "Террорлық қауіп-қатерді талдау орталығы" өкілдігініӊ басшысы Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды, деп хабарлады Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылғы 1 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық соты ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі, 266-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Т.Д.Төлешовке қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухат қарады. Сот талқылауында ол аса ауыр және ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны анықталды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Іс материалдарын зерделеген сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухатты қанағаттандыруды жөн санады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны