01.10.2018, 14:08 4190

Төлеген Байтүкеновтыӊ "Саташ" атты фильмі Варшава кинофестиваліне қатысады

"Саташ" фильмі туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреске түскен учаскелік полицей туралы баяндайды. Фильмніӊ басты кейіпкері Саташ есімді ауылдыӊ учаскелік полицейі ауыл тұрғындарына күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, өзініӊ борышын соӊына дейін өтейді.

Алматы. 1 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған режиссер Төлеген Байтөкеновтыӊ түсірген "Саташ" вестерн жанрындағы фильмі биыл қазанныӊ 12-і мен 21-і аралығында өтетін 34-ші Варшава кинофестивалініӊ "1-2 Competition" атты конкурстық бағдарламасына қатысады. Бұл байқауда әлемніӊ түкпір-түкпірінен келген режиссердіӊ алғашқы немесе екінші рет түсірген толықметражды көркем фильмдері көрсетіледі.

"Саташ" фильмі туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреске түскен учаскелік полицей туралы баяндайды. Фильмніӊ басты кейіпкері Саташ есімді ауылдыӊ учаскелік полицейі ауыл тұрғындарына күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, өзініӊ борышын соӊына дейін өтейді.

"Біздіӊ түсірілім тобы түсірген фильмді осындай белді кинофестиваль таӊдап алғанына қуанып отырмын. Картина көрермендерге арналған жанрлық фильм болып шыққан, десе де фестивальдерге қатысуға лайықты болып шыққаны маӊызды. "Саташ" фильмі - меніӊ алғашқы толықметражды туындым, сондықтан да, бұл фильміме артып отырған үлкен жауапкешілікті сеземін. Қазан айыныӊ соӊында фильм отындық прокатқа шығады. Отандық көрермендердіӊ көӊілдерінен шығады деп үміттенемін", - деді режиссер Төлеген Байтүкенов.

1985 жылы құрылған Варшава кинофестивалі әлемге әйгілі Канн, Берлин және Венеция кинофестивальдері секілді FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) тіркеуінен өткен. Фестивальдіӊ мақсаты - әлемдік кинематографтағы еӊ жаӊа әрі қызықты жобаларымен таныстыру.

"Біздіӊ мақсатымыз, фильмді "Оскар" жүлдесін алғанға дейін көрерменге көрсетіп, ал режиссерді Канн кинофестивалінде марапатқа ие болғанға дейін таныстыру. Біз әлемге танылған киногерлердіӊ соӊынан жүгірмейміз. Мысалы, Михаэль Ханеке, Кристиан Мунджу, Павел Павликовски, Ари Фолман, Асгар Фархади сынды басқа да киногерлер, атақ-даӊққа жеткенге дейін біздіӊ фестивальдіӊ қонақтары болған", - деп атап өтті Warsaw Film Festival фестивалініӊ ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ Варшава кинофестивалінде тәуелсіз және инновациялық киноларға арналған "Free Spirit", сондай-ақ деректі және қысқаметражды фильмдерге арналған конкурстық бағдарламалар бар. Ал конкурстан тыс бағдарламалар шеӊберінде "Польша классикасы", польшалық қысқаметражды фильмдер және халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген әлемдік фильмдер көрсетіледі.

Анықтама:

"Саташ"

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: вестерн, драма

Ұзақтығы: 91 минут

Режиссері: Төлеген Байтүкенов

Сценарий авторлары: Төлеген Байтүкенов, Инна Байтүкенова, Андрей Тен

Қоюшы оператор: Александр Рубанов

Продюсері: Шынар Бөрібаева

Рөлдерде: Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Шыӊғыс Капин, Ержан Нүсіпақынов

Төлеген Байтүкенов - сценарист, режиссер, журналист, киносыншы. Қазақстан киносыншылар Ассоциациясыныӊ мүшесі. "Тұран" университеті кино өнері кафедрасыныӊ аға-оқытушысы. "Алтын адам" ұлттық байқауыныӊ "Үздік журналист" жүлдесініӊ лауреаты. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясыныӊ режиссерлер дайындайтын Жоғары курсыныӊ түлегі ("Кино режиссурасы" мамандығы бойынша А.А. Эшпайдыӊ және В.А. Фенченконыӊ шеберханасында оқыған). 2018 жылы Лос-Анджелестегі Калифорния университетініӊ сценарлық шеберлік бойынша бір жылдық бағдарламасына қатысқан. "Тайталас" (2017) сериалыныӊ сценарий авторы, "Батырдыӊ оралуы" (2018) деректі фильмініӊ сценарий авторы және режиссері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны