04.05.2016, 21:22 4879

Төлқұжаттарында ЖСН жазылмаған қазақстандықтар шекарадан өткізілмейді

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ ұлттық төлқұжаттар жарамсыз болып табылады, олардыӊ иелері мемлекеттік шекарадан өткізілмейді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап, Қазақстандық туристік қауымдастық хабарлады

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ ұлттық төлқұжаттар жарамсыз болып табылады, олардыӊ иелері мемлекеттік шекарадан өткізілмейді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап, Қазақстандық туристік қауымдастық хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Азаматтардыӊ ҚР шекарасы арқылы өткізілмеуіне байланысты шағымдар мен кикілжіӊ жағдайларды болдырмау мақсатында шекарадан асуды жоспарлап отырған ҚР азаматтарыныӊ жеке басын куәландыратын құжаттарында ЖСН жазылмаса, ҚР-ныӊ "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заӊыныӊ 7-бабындағы 2-бөліміне, сондай-ақ ҚР-ныӊ "Сәйкестендіру нөмірлерініӊ ұлттық тізілімдемелері туралы" Заӊыныӊ 13-бабындағы 3-бөліміне сәйкес олар жарамсыз болып танылады. Осылайша, қалыптастырылған ЖСН жазылмаған құжаттарды ұсынған ҚР азаматтары Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік шекарасынан өткізілмейді. Мұндай құжаттар ҚР-дыӊ "Мемлекеттік шекара туралы" Заӊындағы 66-баптыӊ 9-бөліміне сәйкес тәркіленеді", - деп хабарлайды қауымдастық Шекара қызметініӊ хабарламасына сілтеме жасап, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ҚТҚ Шекара қызметімен консультация өткізгенін хабарлады. Шамамен 2004 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі төлқұжаттарда беттіӊ оӊ жағында төлқұжат иесініӊ жынысы көрсетілген жерде ЖСН туралы ақпарат жоқ.

Бірақ та бұл ақпарат машинамен есептелген төмендегі жолдарда тегі, есімі, төлқұжат нөмірі, туған жылы кері тәртіппен жазылған, сондай-ақ жынысы, төлқұжаттыӊ шығарылған күні және соӊғы 12 сан - бұл қалыптастырылған ЖСН.

"Төлқұжаттыӊ бірінші бетіндегі төмендегі машинамен есептелген жолдар бар ҚР азаматтарын Шекара қызметі әдеттегі тәртіппен жібереді. Қалыптастырылған ЖСН және машинамен есептелген жазулар (яғни ескі төлқұжаттарда) жоқ ҚР азаматтары мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді", деп хабарлады Қазақстанныӊ туристік қауымдастығы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны