21.02.2018, 12:31 8229

"Томирис" фильмініӊ түсіру жұмыстары басталады

Фильмніӊ өндірісін ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясыныӊ қатысуымен іске асырады

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақфильм" киностудиясыныӊ Эксперттік кеӊесі алдында "Томирис" фильмініӊ қорғалымы өтті. Фильмніӊ өндірісін ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясыныӊ қатысуымен іске асырады. Түсіру тобы қорғалым барысында дайындық кезеӊінде атқарған жұмыстары туралы айтып беріп, өтпелі кезеӊ түсірілімдері, тігілген костюмдер, дайындалған реквизиттер және түсірілім алаӊдары туралы баяндап берді. Наурыз айында фильмніӊ негізгі түсіру жұмыстары басталады.

Картинаныӊ Бас продюсері Илия Назарбаева фильмніӊ түсіру тобы түсірілім жұмыстарына дайын екенін жеткізді:

- Бұл еліміздіӊ кино тарихындағы еӊ ірі тарихи киножобалардыӊ бірі. Барлығымыз да осы жобаға үлкен жауапкершілікпен бар күшімізді салып отырмыз. Фильм арқылы тарихымыз тереӊнен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз без Ұлы дала рухын көрсетіп, дүйім көрерменніӊ көӊілінен шығатын туынды түсіреміз деп үміттенем.

Картинаныӊ режиссері Ақан Сатаев Томирисдыӊ патшайым болуы фильмге арқау болғанын, кинотуынды Томирисдыӊ дүниеге келуімен басталып, парсыныӊ әйгілі патшасы Кирдіӊ әскерімен болған, аӊызға айналған шайқаспен аяқталады деп жеткізді:

- Біздіӊ басты мақсатымыз - б.з.д. V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеген, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, соғыс саясаты және өнерімен әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагетер сынды тайпалар қазақ халқыныӊ арғы ата-бабасы екенін дәлелдеу. Бұл фильм қазақ халқыныӊ мәдениеті мен дүниетанымыныӊ тамыры тым тереӊде жатқанын дәлелдей түседі.

Сонымен қатар танымал кинорежиссер жиналғандарға түсірілген кейбір сахналарды көрсетті. Ол түсірілімдердіӊ ерекшелігі және фильмдегі шайқас көріністерініӊ түсірілімдері қиын болатынын айтты.

- Фильмніӊ өтпелі кезеӊ түсірілімдері былтыр желтоқсан айында Алматы облысыныӊ Заречный ауылыныӊ маӊында жүргізілді. Наурыз айыныӊ басында "Қазақфильмніӊ" павильондарында түсіру жұмыстарын жалғастырып, Томирис патшайымныӊ дүниеге келгенін түсіреміз, - деді режиссер.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары Қазақстанныӊ басқа да көркем жерлерінде, атап айтсақ, Жаркент, Шонжа, Бурабай мен Баянауылда түсіріледі. Жалпы түсіру жұмыстары төрт айға созылмақ.

Картинаныӊ продюсері Анна Чакиртова республикалық көлемде өткен кастинг туралы сөз айтты:

- Дайындық кезеӊ сегіз айға созылды. Осы уақыт аралығында біз түсірілім орындарын анықтап, өтпелі кезеӊ түсірілімдерін жүргіздік. Сонымен қатар, Қазақстанныӊ ірі 15 қалаларында республикалық деӊгейде кастинг өткіздік. Жалпы кастингке 15000-нан астам адам қатысты. Басты рөлге фотосуреттер бойынша 1500 үміткерлер болды. Кейін бұл сан 200-ге дейін қысқартылды. Іріктеу нәтижесінде массагеттердіӊ патшайымы рөліне Альмира Тұрсын есімді бойжеткен бекітілді. Айта кетсек, бұл оныӊ кинодағы алғашқы рөлі.

Сондай-ақ продюсер бүгінгі күні барлық басты рөлдерді сомдайтын актерлар трюктарды қоюшы Жайдарбек Күнғожиновтыӊ "Nomad" жаттықтыру лагерінде дайындалып жатқанын, яғни атқа жайдақ мініп, қару-жарақты асынып, садақ тартып, соғыс өнерінен сауаттарын ашып жатқандарын айтты.

Ал фильмніӊ кеӊесшісі, еліміздіӊ белгілі тарихшысы Алмас Ордабаев аталған жобаныӊ тарихи анықтығы туралы әӊгімелеп берді:

- Өкінішке қарай, Геродот суреттеген Кир мен Томирис арасында болған шайқастан басқа патшайым туралы ақпарат жоқ. Алайда, бұл көркем фильм үшін жеткілікті деп ойлаймын. Бұл оқиға аты аӊызға айналған ірі шайқаспен аяқталады.

Дегенмен, сол дәуірге қатысты дерек көздер баршылық. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған "Алтын адам" және біздіӊ археологтар мен тарихшыларымыз ашқан басқа да жәдігерлер олардыӊ күнделікті тұрмыс-тіршілігі туралы, сол өркениеттіӊ даму деӊгейі туралы мол ақпарат беріп, мемлекеттілік бірлестіктердіӊ бар болғанын айқындай түседі. Осы фильмде сол дәуірдіӊ қоғамына тән көптеген құбылыстарды, әлеуметтік иерархия, мемлекеттік символика, салтанатты жиындар және тағы да басқа ерекшеліктерді көрсетуге тырысамыз. Сондай-ақ, қазақтардыӊ бүгінгі дәстүрлерініӊ көбі сақ дәуірінен басталатынын айта кеткім келеді.

Тарихи туындыныӊ тағы да бір кеӊесшісі, ежелгі көшпенділерден қалған жәдігерлерді қайта қалпына келтірген, белгілі суретші-реставратор Крым Алтынбеков бұл фильмде массагеттердіӊ күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі металлдыӊ рөлі туралы айтты:

- Сол дәуірде тайпалар арасында металл өндіру кеӊ дамыған,тіпті металлды өӊдеу жолдарын жақсы білген. Осыны фильмде көрсетуіміз қажет. Массагеттердіӊ әшекей бұйымдары өте жоғары деӊгейде орындалған. Қазақстан аумағындағы барлық алтын кен орындар сол дәуірде белгілі болған. Кен орындары бар жерлерде олар қоныс теуіп, сол дәуірге сай жақсы қаруларды және әшекей бұйымдарын жасаған.

Костюмдер бойынша суретші Исел Шалабаева "Томирис" фильмі үшін 1000-ға жуық киім жиынтықтарын және реквизиттер (қару, әшекей бұйымдары және т.б) дайындағанын айтты. Фильмніӊ басты кейіпкері - Томирис патшайым үшін ғана жиырма костюм тігілген екен.

Одан бөлек, продюсер Анна Чакиртова аталған фильм үшін арнайы екі декорацияныӊ тұрғызылатынын хабарлады, бірі Қапшығай қаласыныӊ маӊында тұрғызылатын "Спаргапистыӊ ордасы" декорациясы болса, екіншісі - "Қазақфильм" территориясындағы "Вавилон" қаласы.

О фильме: Бұл ұлы даланыӊ аты аӊызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудыӊ тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқыныӊ тәуелсіздігі үшін сол замандағы еӊ қияметті соғыста Парсы империясыныӊ патшасы Кирмен шайқасады.

Бас продюссер: Илия Назарбаева

Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев

Сценарий авторлары: Илия Назарбаева, Тимур Жақсылықов

Қоюшы оператор: Хасан Қыдыралиев

Қоюшы суретші: Қуат Тлеубаев

Продюсері: Анна Чакиртова

Костюм жөніндегі суретші: Исел Шалабаева

Грим жөніндегі суретші: Лидия Ордынская

Кастинг-директор: Жайна Ибдиева

Трюктарды қоюшы: Жайдарбек Күнғожинов

Режиссер туралы ақпарат:

Ақан Сатаев - кинорежиссер, продюсер, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, "Кұлагер-2009" ұлттыӊ жүлдесініӊ лауреаты, "Құрмет" орденініӊ кавалері. 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1988 жылы мектеп бітірген А.Сатаев облыстық телеарналардыӊ бірінде режиссер көмекшісі болып жұмыс істейді. 1989 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтыныӊ "Телеарна режиссері" факультетіне оқуға түседі. Институтты тәмамдағаннан кейін жарнамалық роликтер түсіріп көзге көрінеді. "Жас аккордионшыныӊ өмірбаяны" және "Аллажар" фильмдеріне түскен. 2003 жылы "Sataifilm" атты жеке компаниясын ашып, алғашқы толықметражды "Рэкетир" атты фильмді түсіреді. Бұл туынды прокаттыӊ алғашқы күндері-ақ миллион доллар қаржы тапқан.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Режиссер: "Рэкетир" ("Sataifilm", 2007), "Ағайынды" ("Sataifilm", 2008, сериал), "Адасқандар" ("Sataifilm", 2009), "Ликвидатор" (КЗФ, 2011), "Жажүрек мыӊ бала" (Қазақфильм, 2012), Бауыржан Момышұлы (2013, сериал), "Хакер" ("Sataifilm", 2014), "Рэкетир 2" ("Sataifilm", 2015), "Анаға апарар жол" (Қазақфильм, 2016), "Районы" ("Sataifilm", 2016), "Она" (2017).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны