03.02.2012, 11:14 3055

Топар - Жезқазған тасжолындағы көлік қатынасына шектеу қойылды

2012 жылдың 3-ақпан күнгі сағат 12.00 ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында "Қызылорда - Павлодар" тасжолының Топар - Жезқазған учаскесінде (433-906 км) жолаушылар тасымалдайтын және дизельді автокөліктер үшін көлік қатынасына шектеу қойылды

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Топар - Жезқазған тасжолындағы көлік қатынасына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 3-ақпан күнгі сағат 12.00 ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында "Қызылорда - Павлодар" тасжолының Топар - Жезқазған учаскесінде (433-906 км) жолаушылар тасымалдайтын және дизельді автокөліктер үшін көлік қатынасына шектеу қойылды

Сонымен қатар, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, келесі учаскелерде жол жабық:

Батыс Қазақстан облысында "Чапаево - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы" (0-213 км) тасжолында;

Маңғыстау облысында "Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Үтес - Шетпе - Жетібай - Порт-Ақтау" тасжолының Опорный - Шетпе (210-641 км) учаскесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны