29.07.2015, 10:58 4058

Торғай - Арқалық тас жолында екі көлік соқтығысып, үш адам мерт болды

Қостанай облысында Торғай - Арқалық тас жолында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды

Қостанай. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Қостанай облысында Торғай - Арқалық тас жолында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, қайғылы оқиға 25 шілде күні таӊғы сағат 7:20-да орын алған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Жангелді аудандық ІІБ-ге белгісіз біреу хабарласып, Торғайдан Арқалыққа барар жолдыӊ 74 шақырымында екі автокөліктіӊ қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғанын айтты. Полиция қызметкерлері мен санавиация дәрігерлері шұғыл түрде апат орнына жол тартты. Белгілі болғандай, "Лада 21705" маркалы автокөлікті айдаған 27 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Ауди С4" көлігімен соқтығысқан", - деп мәлімдеді полициядан.

"Ауди" рөлінде отырған 24 жастағы жігіт ауыр жарақат алды. Соқтығыс салдарынан "Лада" жүргізушісі жараланып, онымен бірге көлікте отырған үш жолаушы: 28 жастағы ер адам және 23 пен 21 жастағы екі қыз оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы - Ақмола облысыныӊ 23 жастағы тұрғыны Қостанай қаласыныӊ ауруханасына жеткізілді.

"Ауди" көлігінде отырған 28 жастағы әйел санавиация арқылы ауруханаға жеткізілді, ал 16 жасар оқушы Жангелді аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыруға сәйкес қос жүргізуші де оқиға кезінде сау болған. Қазіргі таӊда аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны