27.09.2006, 19:04 3204

Төрт шахтаның наразылық шарасына шыққан кеншілеріне Күзембаев атындағы шахтада істейтін әріптестері қосылды

ШАХТИНСК. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды көмір бассейніндегі наразылық шарасына шыққан төрт шахтаның кеншілеріне Күзембаев атындағы шахтада істейтін әріптестері қосылды, деп хабарлады бір кенші Kazakhstan Today тілшісіне.

Естеріңізге салсақ, Ленин атындағы, "Тентек", "Қазақстан" және "Шахтинск" шахтасының кеншілері дүйсенбі күні жалақыны көтеру мәселесі шешілмейінше шахтаға түсуге бар тартты. Бүгін оларға Күзембаев атындағы шахтаның кеншілері қосылды. "Біз әріптестерімізді қолдағымыз келеді. Көмір өндіруді сол себепті тоқтаттық",- деді олар.

Қазір шахталарда көмір өндіріліп жатқан жоқ. Кенішке тек шахтадағы нысандардың жұмысын тоқтатпауды жауаптанатын жұмысшылар ғана түскен.

Ал Шахтинск қалалық әкімшілігінде шиеленісті шешуді көздейтін комиссияның отырысы одан әрі жалғасуда. Алайда әзірге тараптар мәмілеге келген жоқ. "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның басшылығы жалақы көлемін көтеру мәселесін 10 күннің ішінде шешуге уәде беріп, кеншілерді жұмысқа шақырды. Алайда, кеншілер осы уақыт ішінде шахтаға түспейтіндіктерін хабарлады. "Бұл қадам мүмкін мәселенің шешімін тездетуге көмектесетін шығар",- дейді кеншілер.

Қазір Шахтинск қаласына кіру қиындап кетті. Полиция бекеттері қалаға келе жатқан барлық автокөліктерді тексеріп жатыр. Комиссияның отырысы өтіп жатқан әкімшілік ғимаратының кіреберіс залы да полиция қызметкерлеріне лықа толы.

Икімшілік ғимаратының алдында 1000-ге жуық кеншілер мен олардың отбасы мүшелері пикетте тұр. Қалада шиеленісті жағдай қалыптасып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны